Дүкенде ақшаны Samsung телефондарымен төлеуге болады

Дүкенде ақшаны Samsung телефондарымен  төлеуге болады
Фото: http://10pix.ru/

Samsung компаниясы дүкенде телефонмен есеп айырысуға мүмкіндік беретін сервис жасап шықты, - деп хабарлады BBC News.

Ақша төлеу үшін тұтынушы дүкеншіге телефонын ұсынуы керек. Арнайы құрылғы телефоннан керекті ақшаны алып қалады. Жаңа функция Galaxy S6, Galaxy S6 Edge, Galaxy S6 Edge+ және Galaxy Note 5 телефондарында ғана бар. 

Тұтынушылар телефонын ақша төлеу терминалына жақындатқаннан кейін өздерінің пин-кодын теруі керек немесе саусағының ізін басып көрсетуі керек. Аппарат 15 секунд ішінде қажетті соманы алып қалады. 

Жаңа қызмет АҚШ-та 28 қыркүйекте қосылады. Одан кейін Испания, Ұлыбритания, Қытай азаматтарында да қолдануға мүмкіндік болады.

М. Бисембаева