Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Жаңалықтар / Google корпорациясы қайта құрылды

Google корпорациясы қайта құрылды

Google корпорациясы қайта құрылды

Google корпорациясының құрылымы өзгергені белгілі болды. Енді алпауыт интернет-компания қайта құрылған Alphabet холдингінің құрамына кіреді. Бұл туралы Google корпорациясының бас директоры Ларри Пейдж өз блогында хабарлады.

Ларридің мәлімдемесіне орай, енді Google Inc. акциялары толығымен Alphabet Inc. есебіне өтеді. Ал Alphabet корпорациясын Google-дің қазіргі басшылары басқарады. Атап айтқанда,  Ларри Пейдж бас директор қызметіне өтсе, Сергей Брин холдингтің президенті қызметіне ауысады. Одан бөлек, жаңадан құрылған холдингтің қаржы директоры қызметіне Google қаржы айналымына жауапты болған Рут Порэт тағайындалады. Ал Эрик Шмидт атқарушы директор қызметінде қала береді.

Ал Google бөлімшесінің бас директоры қызметіне Сундар Пичаи (Sundar Pichai) ұсынылып отыр. Ол бұған дейін Google өнімдеріне жауапты вице-президент қызметін атқарған. Айта кетсек, Google бөлімшесінің құрамында Chrome іздеу браузері, Youtube видеохостингі мен Android опреративті жүйесі қала береді. Ал ғылыми зерттеу институттары мен жүргізушісіз көлік құрастыруды дамыту зертханасы дербес бөлім ретінде қайта құрылады. Ларридің мәлімдемесіне орай, Alphabet корпорациясының құрамына кірген әрбір бөлімнің жеке-жеке басшысы (бас директоры) болады.

Alphabet холдингтің құрамына кіретін дербес бөлімдер:

• Google X (өзін-өзі басқаратын көліктер, жүкі тасымалдаушы дрондар мен интернетпен қамтамасыз етуші спутниктер).
• Google (Chrome, Youtube, Android және өзге де интернет қызметтер).
• Nest (смарт термостаттар).
• Google Fiber (кабельді телеканалдар мен тұрақты интернет желісі).
• Calico - California Life Company (Биотехнологиялық даму зертханасы).
• Life Sciences (контанктілік линзалар мен смарт-көзілдірік).
• Google Ventures (стартаптарды қолдау басқармасы).

Ларри Пейдж жаңа құрылымдық жүйені америкалық миллиардер Уоррен Баффет иелік ететін Berkshire Hathaway корпорациясы мамандарының көмегімен құрғанын айтады. Баффеттің үздік мамандары басқару жүйесінің жаңа моделін жасап берген.

Google корпорациясының өткен жылғы табысы 66 миллиард АҚШ доллары болды. Табыстың 89%-ы YouTube видеохостингіндегі жарнамадан түскен. Ал қалған бөлігі Android платформасындағы қосымшалардан келген. Ларридің жазуынша, нарықта $445 миллиард тұратын корпорацияның тұрақты өсімін бірнеше бөлім қамтамасыз ете алмайды. Егер келесі онжылдықта жарнама құрылымы өзгерсе, компания дағдарысқа ұшырауы ықтимал. Сондықтан, Google зертханалық орталықтарын дербес құрылымға көтеріп, табысты өнім шығаруға дайындау керек екенін сезіп отыр.

Естеріңізге сала кетсек, Google компаниясы іздеу платформасы ретінде 1998 жылдың 2 қыркүйегінде құрылған. Заманауи браузерді Стэнфорд университетінің аспиранттары Ларри Пейдж бен Сергей Брин бағдарламалаған. Кейіннен олар компанияның басшылары атанып, дербес құрылымдық модульмен интернет қызметтерін дамытады. Компания құрамына кірген салалар бір бағытта жұмыс істемейтіндіктен, барлығын біріктіретін Alphabet холдингі құрылды.

Дайындаған: Жолдас Өрісбай
Фото: wsj.com
Қосылған күні: 11 тамыз 2015, 11:30

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.