Ғалымдар роботтарға мұрт қондыра бастады

Ғалымдар роботтарға мұрт қондыра бастады
Фото: http://cat-country.ru/

Ғалымдар роботтарға мұрт қондыра бастады. Осы арқылы олар ауаны сезіп, айналада не болып жатқанын түсіне алады, - деп жазады Bioinspiration & Biomimetics журналы.

Роботтарға арналған мұрт никель мен титанның қоспасынан жасалған. Оның сырты пластмассамен қапталған. Жел соққанда мұрт қозғалады. Оның қозғалысынан пайда болған электромагниттік толқындар кеңістікте не болып жатқанын білуге көмектеседі.

Жаңа технология өздігінен жүзетін кемелер мен өздігінен ұшатын ұшақтарға қондырылуы мүмкін.

Айта кетелік, ғалымдар соңғы кезде радарларды, роботтарды табиғатқа еліктеп жасап жүр. Мысалы, бұған дейін бақа, жылан сияқты жүретін роботтар жасалды.

М. Бисембаева