iPhone смартфонының ең алғашқы жарнамасы қандай болған? (видео)

iPhone смартфонының ең алғашқы жарнамасы қандай болған? (видео)
Фото: www.meliuz.com.br

iPhone атауымен әлемге аты шыққан смартфонның алғашқы нұсқасы 2007 жылы жаппай сатылымға шыққаны белгілі. Кез келген өндіріс орнының маркетингтік бағыты сынды Apple компаниясы да жаңа брендке арнап жарнама түсіреді. Қысқа видеороликте әлемге танымал фильмдерден үзінділер келтірілген.

Телефонға жауап беру кезіндегі кейіпкерлердің айтқан «Hello» сөзі барлық үзінділерді біріктірілген. Ал соңында Apple қалың көрерменге жаңа iPhone смартфонына «Hello» деп жауап беруді ұсынады.

Жарнаманың жасалуы өте қарапайым. Оған компанияның артық шығындалмағаны көрініп тұр. Тек қысқа үзінділер алынған фильмдер оған артықшылық болған. Сонымен қатар, маркетингтік жүріс бойынша, кез келген жаңа өнімнің жарнамасына аты белгілі тұлғаның қатысуы құпталады. Мұнда Apple компаниясының маркетологтары артық шығын жасамау мақсатында жасаған ісін көреміз.

iPhone жарнамасы алғаш рет жаңа смартфонның ресми таныстырылуына төрт ай қалғанда, нақтырақ айтар болсақ, 2007 жылдың ақпан айында «Оскар» кино жүлдесінің марапаттау кешінде көрсетілген. 

Ж. Өрісбай