Samsung өзінің ең берік смартфонын таныстырады

Samsung Xcover моделіндегі смартфондар қатары толығатын болды. Оңтүстік кореялық компания жуырда суперберік Galaxy Xcover 3 смартфонын ресми түрде таныстырмақ.

Аппарат су және тозаң сынды апаттардан қорғанған. Осы ерекшелігін ескерсек, жаңа модель арнайы әскери қызметкерлерге арналып шығарылатын сияқты. Атап айтқанда, смартфон жоғарыдан құлағанда немесе терең суда жатқанда істен шықпайды. Мұндай гаджетпен кез келген жағдайда сенімді жүруге болады.

Galaxy Xcover 3 смартфоны 4,5 дюймді WVGA дисплей мен 1,2 ГГц жиілікке ие 4 ядролы чиппен жабдықталады. Жедел жады – 1,5 ГБ, ал қосалқы жады – 8 ГБ. Одан бөлек, фотомодульдері стандартты сапамен қамтамасыз етілген. Нақтылап өтсек, негізгі камерасы – 5 МП, ал алдыңғысы – 2 МП сапаға ие. Сондай-ақ, қуат жинақтағышының көлемі сағатына 2200 милиамперге тең. Корпусының қалыңдығы 9,95 мм, ал салмағы 154 грамды құрайды.

Жалпы телефонның құрылымы толықтай кореялық стандартпен жасалған. Бар ерекшелігі қауіпсіздігінде болып отыр. Қосымша модульдері ретінде компас мен биіктікті өлшеу қосымшаларын айтуға болады. Ал оперативті жүйесі, әдеттегідей, Android 4.4 KitKat платформасы болып отыр.

Смартфонның ресми таныстырылуы Германияда өтіп жатқан CeBIT халықаралық көрмесі аясында өтеді.

Сурет: elandroidhn.com