Кеңсе жұмысына арналған смарт-үстел шығарылды (Видео)

Кеңсе жұмысына арналған смарт-үстел шығарылды (Видео)

Кеңсе жұмысын жылдамдату үшін смарт технологияның қандай мүмкіндіктері бар? Мысалы, сізге қажет болатын барлық ақпарат үстеліңіздің үстінде болса, жұмысыңыз алға басары анық. Ideum компаниясы осы межеде бас қатырып, жаңа смарт-үстелін құрастырыпты.

Duet атауына ие болған «ақылды» үстел дербес компьютердің қызметін атқара алатын мультитач-дисплеймен жабдықталған. Жаңа құрылғыға кеңседегі барлық смарт-өнімді тіркеу арқылы бір орталықтан басқару мүмкіндігі берілген. Ideum құрастырушыларының айтуынша, жаңа смарт-гаджеттің негізгі артықшылығы оның екі түрлі платформаны бірдей қамти білуінде екен. Тұтынушы сенсорлы дисплей арқылы қалауынша Windows 8 және Android оперативті жүйелерін пайдалана алады.

Компьютерлік құрылымға ие мынадай үстелдің екі платформада болуы қарапайым кеңсеге қажетті бағдарламалар мен мобильді қосымшаларды бір уақытта пайдалану мүмкіндігін береді. Сонымен қатар, смарт-үстелді тұтынушы ыңғайына қарай 42-дюймді және 46-дюймді екі нұсқамен шығарылған. Смарт технология өз алдына, бірақ үстелдің дәстүрлі ұстанымы өзге болғандықтан, Duet дисплейі ыстық температураға тұрақты және су өткізбеу жабдығына ие.

Үстелдің техникалық мінездемесіне келсек, кроссплатформаның Android оперативті жүйесіндегі негізгі жадысы – 2 Гб, ал қосалқы жадысы – 16 Гб. Ал Windows платформасы негізіне тоқталып өтер болсақ, Duet үстелінің 42-дюймді моделі 3,2 ГГц жиілікке ие Intel Core i5-4570R процессорымен жұмыс жасайды. Одан бөлек, негізгі жадысы 8 Гб болса, ал қосалқы жадысы 256 Гб-ты құрайды. Ендеше одан біршама үлкен екінші моделі 3,5-ГГц жиілікпен жұмыс жасайтын Intel Core i7-4710HQ процессорымен қамтылған. Қосалқы және негізгі жадылары 512 және 16 Гб көлемге ие.

Ideum компаниясы мамандарының айтуынша, смарт-үстелдің Android тәртібінде жұмыс істеу кезінде бір уақытта 12 жанасуды сезе алады екен. Ал бұл мүмкіндік Windows платформасына көшкен кезде 60-қа дейін өседі. Ал жұмыс барысында Android пен Windows оперативті жүйелерінен жылдам ауысу үшін Intel Edison мини-компьютері қолданылады.

Смарт технология негізінде құрастырылған үстелдің екі нұсқасы да Wi-Fi және Bluetooth байланыс модульдерімен жабдықталған. Duet өнімінің сатылымға шығу мерзімі келесі айдың басына межеленген. Ал оның нарықтағы бағасы 7950 АҚШ доллары көлемінде болмақ.

Сурет: cotwerd.com

Оқи отырыңыз: 

Қытайлық Стив Джобс туралы білесіз бе?

Экраны жоқ смартфон нарықты бағындыруда

Тыңшыларға арналған 13 түрлі камера

Google-дың бірінші толыққанды жүргізушісіз көлігі келесі жылы шығады

Ж. Өрісбай