Шведтік фирма қызметкерлерінің денесіне чип орнатуда

Шведтік фирма қызметкерлерінің денесіне чип орнатуда

Швециядағы компаниялардың бірі кеңседегі қызметкерлерінің денесіне электронды чип орнатуды ұйғарыпты. Кішкентай сымсыз құрылғылар пластикалық жеке куәліктің орнына қолданылады екен. Кеңсе қызметкерлері қолына орнатылған RFID-чиптің көмегімен есіктерді аша алады. International Business Times газетінің жазуынша, күріш дәнімен бірдей электронды құрылғыны өз денесіне қоюға Epicenter жоғары технологиялық кеңсесінің 100-ден астам қызметкері келісім беріпті.

Ал корпоративті чиптерді қолдану идеясын BioNyfiken «биохакерлері» ұсынған. Оның көмегімен асханада төлем жасауға да болады. Сонымен қатар, осындай чиптерде әріптестердің байланыс нөмірлерін сақтап, оны смартфонға қосу мүмкіндігі болмақ.

«Біз күнделікті өмірде әр түрлі құрылғыларды пайдаланамыз. Сондықтан, түрлі ПИН-кодтар мен құпия сөздерді жатқа білуіміз керек. Осы функциялардың барлығын бір ғана чип орындаса ше? Чипті үйде ұмыт қалдыру немесе жоғалтып алу мүмкін емес. Себебі, ол сіздің денеңізде орналасқан», - дейді BioNyfiken маманы Ханнес Сьоблад.

Epicenter басшылығы болашақта кеңсенің барлық қызметкерлері аталған чиптің қолданушысы атанатынына үміттеніп отыр. Дегенмен, бұл технологияны жаппай қолданысқа енгізбес бұрын нақты мүмкіндіктерін анықтап алу керек.

Сурет: www.markbeast.com

Оқи отырыңыз:

Телепорт технологиясының алғашқы құрылғысы жасалды

Microsoft голографиялық көзілдірігін таныстырды (Видео)

Samsung Galaxy S6 смартфоны сатылымға қашан шығады?

Xbox Live желі қызметін құрастырушы Microsoft-тан кетті

Ж. Өрісбай