- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Телепорт технологиясының алғашқы...
Телепорт технологиясының алғашқы құрылғысы жасалды
«Жұлдызды жол» фильмінен белгілі физикалық нысанды телепортациялық жолмен тасымалдау идеясы жүзеге асты. Құрастырушылар бұл жолы да 3D-басылым технологиясын қолданған.
Daily Mail газетінің жазуына қарағанда, Scotty («Жұлдызды жол» фантастикалық сериялының кейіпкері құрметіне) атауына ие аппарат жылдам тасымалдауға берілген нысанды сканерлеу кезінде жойып, оның екінші қабылдап алушы аппараты жойылған нысанның көшірмесін жасайды. Нақтырақ айтсақ, нысан сканерленгенде құрылымы машинаға тән тілге өңделіп, оның дәл көшірмесі 3D-принтердің көмегімен жасалады.
Белгілі бір затты көшіру үшін ол алдымен құрылғының ішіне салынады. Одан кейін қабылдап алушы таңдалып, құрылғының негізгі батырмасы басылады. Смарт аппарат автоматты түрде берілген нысанды белгіленген орынға көшіру арқылы жеткізеді екен.
«Scotty қарапайым физикалық нысандардың телепорт технологиясымен орын алмастыруын қамтамасыз ететін автономды құрылғы», - дейді Германиядағы Хассо Платтнер атындағы Институт зерттеушілері.
Құрастырушылар нысанның түпнұсқасы жойылғанымен, оның көшірмесі дәл сол іспетті боларына кепілдік береді. Нақтырақ айтқанда, бұл аппараттың мақсаты нысанды көшіру емес, оны бір орыннан екінші орынға жылдам жеткізу болып отыр.
Ғалымдардың болжамы бойынша, уақыт бойымен саяхаттау мен телепортацияның толық мүмкіндіктері 2100 жылға қарай пайда болады.
Сурет: www.rasslabyxa.ru
Оқи отырыңыз:
Электронды қағаздан монитор шығаруға болады
Қытайда 3D-принтермен 5 қабатты үй салынды
Детройтта 3D-принтермен жасалған көлік таныстырылды
Электронды жабдықтарды жасайтын 3D-принтер сатылымға шықты
Ж. Өрісбай