Қытайлар үйді 3D-принтер арқылы сала бастады

Қытайлар үйді 3D-принтер арқылы сала бастады

Қытайдың Цзянсу (Jiangsu) провинциясындағы өнеркәсіптік паркте 3D-принтердің көмегімен жасалған тұрғын үйлердің көрмесі ашылды, - деп жазады bnews.kz The Daily Mail басылымына сілтеме жасап. Көрмеге келушілер биіктігі бес қабатты құрайтын ғимаратты да тамашалай алады.

Көпқабатты үйлер биіктігі 6,4 метр, ені 9,75 метр және ұзындығы 152,4 метрді құрайтын нысандарды дайындауға мүмкіндік беретін принтердің көмегімен тұрғызылған. Баспаға қажетті материал ретінде қайта өңделген құрылыс қалдықтарының қоспасы, шыны, болат пен цемент пайдаланылады,. 

Алғаш рет мұндай нысандарды 2014 жылдың наурызында Shanghai WinSun Decoration Design Engineering Co компаниясы жасаған еді. «Алып» принтердің көмегімен бетоннан бір-бірінен айнымайтын он ғимарат дайындалды. Әр нысанның құны 3,1 мың фунт стерлингті құраған.

Көрмеде ұсынылған үйлердің арасында ең шағын дегені 100 мың фунт стерлингке бағаланған. Алайда үйдің құнына қарамастан компанияға жүздеген тапсырыс келіп түсіпті, соның ішінде Мысыр үкіметі де үйлерді «басып шығаруға» қызығушылық танытқан. Winsun компаниясының бас директоры Ма Ю Хи (Ma Yi He) принтердің көмегімен дайындалатын мұндай үйді құруға бір күн қажет екенін атап өтті.

сурет: worldpropertyjournal.com

Е. Қайрахан