Ноутбуктер дыбыспен басқарылатын болды

Ноутбуктер дыбыспен басқарылатын болды

Android немесе iOS операциялық жүйесін пайдаланатындар құрылғыны дыбыспен басқару функциясы туралы біледі.

Енді бұл технология тек смартфондар мен планшеттерде ғана болмайды. Енді Ghrome OS негізінде жұмыс істейтін хромбуктерді де (портативті компьютер) дыбыспен басқаруға болады.

Ақпарат ресми расталған. Бұны Google-дың жетекші қызметкері Француа Бофор хабарлады. Бірақ, жаңа қызмет түрі әлі толық дайын емес екен.

Қолданушылар енді сөйлеп бұйрық беру арқылы интернеттен іздеу нәтижесін, валюта бағамын немесе ауа райын көре алады.

Сурет: thenextweb.com

Ж. Өрісбай