LG компаниясы G Flex смартфонының тағы бір нұсқасын шығарады

LG компаниясы G Flex смартфонының тағы бір нұсқасын шығарады

Оңтүстіккореялық LG компаниясы G Flex өнімін жеткілікті деңгейде сата алды. Өзінің дөңес дисплейі арқылы аталған ақылды телефон тұтынушылардың көңілінен шыққан көрінеді. Сондықтан осымен шектеліп қалмай, LG гаджеттің келесі ұрпағын жаңғыртуды жөн көріпті. Ал оның анонсы да жуырда болмақ.

Ғаламтордағы техно ресурстарының жазуынша, LG жаңа моделін келесі жылдың қаңтар айында АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін International CES 2015 көрмесінде таныстырады. Өкінішке орай, әзірге G Flex 2 смартфонының техникалық мінездемесі туралы ақпарат жоқ. Дегенмен, инсайдерлердің толықтырусыз берген мәлімдемесіне сенсек, гаджеттің платформасы айтарлықтай жаңартылыпты. Мысалы, смартфон өзінің алдыңғы нұсқасына қарағанда біршама кішкене болады. Сонымен қатар, ол енді адам айтқысыз өлшемге дейін майыса алатын болады. Сырт корпусы майысқаннан кейін өзін-өзі қалпына келтіру мүмкіндігін пластикалық қабат береді. Ал OLED экран 1080р сападағы көрсеткішке ие болады.

Естеріңізге сала кетейік, тұтыну электроникасын халық алдына қоятын International CES 2015 халықаралық көрмесі қаңтар айының 6-сы күні басталады.

Сурет: reobzor.ru

Ж. Өрісбай