Intel ең жоғарғы кварталды табысқа ие болды

Intel ең жоғарғы кварталды табысқа ие болды

Intel компаниясының басшылығы биылғы жылдың үшінші кварталының жалпы табысы $14,6 миллиард АҚШ долларын қамтығанын және бұл сандық жетістіктің өткен жылғы статистикамен салыстырғанда 1,1 миллиард АҚШ долларына артық болғанын хабарлайды.

Айта кетсек, осы жылы силикондық алып корпорация дербес компьютерлер, серверлер, планшеттер, телефондар мен «ғаламтордағы сатылымдарға» арналған өзінің өнімдері мен бағдарламаларының ең жоғары сатылымына қол жеткізген. Intel тұңғыш рет бір кварталда 100 миллион микропроцессор сатыпты. Ал оперативті бағдарламалардан түскен табыс 4,5 миллиард АҚШ долларына дейін көтерілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 30 пайызға көп.

«Біз осындай нәтижеге жеткенімізге қуаныштымыз. Алдағы уақытта жасалуға тиіс жоспарларымыз мол. Қойылған межеге жету үшін және өз өнімімізді нарыққа шығару үшін осындай жоғары нәтижелер сенімділік береді», - дейді Intel корпорациясының атқарушы директоры Брайан Кржанич (Brian Krzanich).

Intel корпорациясы компьютерлік инновацияда көшбасшы болып келеді. Корпорация есептеу құрылғылары негізінде жасалатын технологияларды шығарумен айналысады. Сондай-ақ, Intel корпоративті және қоғамдық қажеттіліктерді де жасай отырып, әлемдегі ең қолайлы микропроцессорларды жасаушы болып табылады.

Айтып өткен жөн, Intel корпорациясы өзінің төртінші кварталы бойынша есеп беруін 2015 жылдың 15 қаңтарына жоспарлап отыр. Компанияның осы мақсаттағы жиынын сол күні түскі сағат 14:00-де тынық мұхиттық стандартты сағат белдеуімен веб-конференция (www.intc.com) арқылы көре алатын боласыздар. 

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.computerra.ru

Ж. Өрісбай