Тим Кук iPhone 6 смартфонын таныстырды

Тим Кук iPhone 6 смартфонын таныстырды

Apple компаниясының басшысы Тим Кук Калифорнияда iPhone 6 смартфонын таныстырды, деп хабарлайды massaget.kz тілшісі.

Екі бірдей смартфон 4,7 дюймді және 5,5 дюймді. Бұл  смартфонның iPhone 6 және iPhone 6 Plus түрлері. Осы нұсқалары арқылы Apple экраны 5-7 дюйм аралығында болатын қалтафондардың фаблеттер қатарына енді. 

Бұл аппараттар бұған дейінгі смартфон нұсқаларына қарағанда жұқалау. Екі модель де А8 деп аталатын жаңа процессорде жұмыс жасайды. Бұған дейінгі нұсқаларына қарағанда iPhone 6 және iPhone 6 Plus 25%-ға жылдам болады-мыс.

Компания басшысының айтуынша, iPhone 6 смартфонында 12 сағат бойы үздіксіз браузермен жұмыс жасауға болады. Ал аудио тыңдап, видео көруге 8 сағат бойы қуаттамай отыруға да мүмкіндік ашылды. Жаңа айфон арқылы слоу-моушн жасауға болады. Ал смартфонның негізгі камерасы арқылы бір секундтың ішінде 10 селфи жасап үлгересіз. Ал кейін ең ұнаған нұсқасын таңдап ала аласыз. Смартфонның камерасына мінездеме берсек, камерасы 8 мегапиксель, ал диафрагмасы 2.2. Камера жарқылдағы (вспышка) "True tone" технологиясы бойынша жасалған. Сонымен қатар, автофокус жылдамдығы өте жылдам болады.

iPhone 6 мен iPhone 6 Plus қыркүйек айының 19 жұлдызынан бастап АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Франция, Германия, Гонконг, Аустралия және Сингапур елдерінде сатыла бастайды. Ал смартфонның құны 16, 32, 64 Гб сәйкес 299, 399 және 499 АҚШ долларына бағаланған екен. Ал Қазақстандағы бағасы 160 мың және 210 мың теңге аралығында болатынын хабарлаған болатынбыз.

Бұдан басқа Apple компаниясы iWatch сағаты мен iOS 8 операциондық жүйесі жайлы әңгімеледі. Apple Watch мына жерден толығырақ оқи аласыз.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: mk.ru

А. Құлтай