Microsoft Windows 9 нұсқасын бір айдан кейін көрсетеді

Microsoft Windows 9 нұсқасын бір айдан кейін көрсетеді

The Verge ақпараттық ағымының соңғы жаңалығына орай Microsoft корпорациясы Windows операциялық жүйесінің келесі нұсқасын ағымдағы жылдың 30 қыркүйегіне дейін шығарады екен. Бұл осыған дейін айтылған жаңалықтардың топтық негізі болып отыр.

Әзірге, белгісіз Threshold атауына ие Windows 9 соңғы жаңартылған нұсқаның келеңсіздіктерін жоққа шығаруға міндетті болған. Алдымен, мәзір батырмасының өз орнына қайта қойылуы, басқы беттің редакциясындағы Cortana батырмасының дамытылуы және виртуалды жұмыс үстелдері функциясының іске қосылуы қажет болып отыр.

Құрастырушылардың күрделі тапсырмасына назар аударар болсақ, Windows 9 тұсау кесері асығыс орын алатын болса, көптің көңілінен шықпай қалуы әбден мүмкін. Инсайдерлердің хабарлауынша, әзірге, Microsoft жаңа нұсқасын арнайы шықырылғандарға ғана көрсетуді ұйғарып отыр.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: getintopc.com

Ж. Өрісбай