LG компаниясы жаңа гаджет ойлап тапты

LG компаниясы жаңа гаджет ойлап тапты

АҚШ-тың патенттер мен сауда маркалар бойынша басқармасына (USPTO) оңтүстіккореялық компанияның LPAD және WPAD атты жаңа брендтерін тіркеу туралы өтініш келіп түсті. Бақылаушылардың ойынша, LG компаниясы жаңа планшеттер сериясын шығаруды жоспарлап жатыр, – деп хабарлайды «3DNews».

Қазіргі кезде, LG Android операциялық жүйесімен жұмыс жасайтын G Pad сериясындағы планшетті компьютерлерін шығарумен айналысып жатыр. LPAD және WPAD тауар белгілері тіркелгеннен кейін компанияның планшеттер өндірісі екі топқа бөлінеді. LPAD тобына Android платформасымен жабдықталған, фирмалық интерфейске ие планшеттер сериясы кірмек. WPAD тобы тек Windows 8.1 платформасымен жұмыс істейтін болады деп күтілуде.

Ғаламтор ағымындағы жаңалықтарға сүйенер болсақ, LG компаниясындағы планшет өндірісінің жаппай жаңаруы 2015 жылға қарай орын алады. Жалпы, осы жолмен кореялық электроника алыбы екі платформаны да бірден қамтуды көздеп отыр. Соның нәтижесінде өндірістегі планшеттердің сатылым деңгейі әлемдік нарықта арта түспек.

Нақтылай кетсек, осы жылдың сәуір айынан маусымға дейінгі аралықта компания 55,06 миллион дана планшет экспорттап үлгерген. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 17,9 пайызға жоғары болып отыр.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.3dnews.ru

Ж. Өрісбай