Жаңа Lumia 930 Қазақстан нарығына шықты

Microsoft Devices Group ОС Windows Phone 8.1 басқаруындағы Lumia 930 смартфонының Қазақстанда сатыла бастағанын хабарлайды. Инновациялық смартфон Microsoft пен Lumia-ның ең үздік қасиеттерін бойына топтастырған. 

"Жаңа флагманымыз Lumia 930 қарапайым қолданушыларға да, жұмысбасты адамдарға да бірдей жарасады. Ол мойындалған әрі белгілі Lumia сызғышы дизайнында жасалды. Lumia 930 – алға жылжыған техникалық шешім мен ОС Windows Phone 8.1 жаңа нұсқасының барлық артықшылығын, Microsoft-тің эксклюзивті сервисін өзіне біріктірген",- дейді Microsoft Devices Group-тің ТМД елдеріндегі Вице-президенті Мирко Аксентиевич. 

Lumia 930-ның елімізге сарғыш, ақ, қара түстегі үлгілері келген. Бағасы – 121 990 теңге.

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: liliputing.com