Samsung Series 9 Ultrabook жаңа ультрабуктері

Samsung Series 9 Ultrabook жаңа ультрабуктері

Samsung корпорациясы өзінің ультрабуктерін жаңа Samsung Series 9 Ultrabook құрылғысымен толықтырды. Ол мүмкіндігі 1920х1080 пиксельді, 13,3-дюймды экранмен жабдықталатын болады.  

Samsung Series 9 Ultrabook құрылғысы жиілігі 2 ГГц, Intel Core i7-3537U процессоры негізінде жұмыс жасайды. Сондай-ақ онда 4ГБ оперативті жады бар. Ультрабуктегі графикаға Intel HD Graphics 4000 жауап берсе, ал аккумулятор оны 6 сағат автономды жұмыс уақытымен қамтамасыз етеді. 

Жаңа ультрабук Windows 8 ОЖ-мен қызмет атқарады. Оның нарықтағы қазіргі бағасы 1350 АҚШ долларын құрап отыр. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: gadgetblog.ru

Б. Қосмағамбет