Samsung Galaxy Mega 6.3: экран өлшемі 6,3-дюймды алып смартфон

Samsung Galaxy Mega 6.3: экран өлшемі 6,3-дюймды алып смартфон

Samsung компаниясы Galaxy Mega 6.3 атты ең үлкен смартфонды шығаруды бастап кетті. Телефондағы орнатылған экранның өлшемі 6,3 дюйм. Жаңа өнімде орналасқан мұндай өлшемдегі экран видео тамашалап және екі бірдей қосымшамен бір мезгілде жұмыс жасауға өте қолайлы болмақ. Дисплейдің мүмкіндігі - 1280х720 пиксель.

Samsung Galaxy Mega 6.3 Android 4.2 TouchWiz (Nature) ОЖ негізінде жұмыс жасайды. Смартфон екі ядролы жиілігі 1.7 ГГц процессормен жұмыс жасайды. 8 мегапиксельді негізгі және 1,9 мегапиксельді қосымша камералары бар.

1

Аппарат ішкі жады 8 және 16 ГБ болатын екі түрлі нұсқада шығарылды. Сондай-ақ модель жады 64 ГБ дейінгі microSD картасын да қолдайды. Аккумулятор сыйымдылығы 3200 мАсағ. 

Samsung Galaxy Mega 6.3 салмағы - 199 г. Смартфон өлшемдері - 168х88х8 мм. Өнім Қазақстанда биылғы жаздың басында сатылымға түседі. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: hi-tech.mail.ru

Б. Қосмағамбет