Buffalo Voltissimo iPhone смартфонын 15 минутта қуаттандырады

Buffalo Voltissimo iPhone смартфонын 15 минутта қуаттандырады

Қазіргі нарықта портативті қуаттандыру құрылғыларының бірнеше түрі бар. Алайда, Buffalo компаниясының жаңадан жасаған Voltissimo атты өнімі өзінің жұмыс уақытының шапшаңдығымен ерекшеленеді. Мысалы, iPhone смартфондарын нөлден жүз пайызға қуаттандыру үшін ол бар болғаны 15 минут уақытын жұмсайды.

Buffalo Voltissimo портативті аккумуляторы сыйымдылығы 4000 және 8000 мА/сағ нұсқаларымен шығуда. Ал кішкенесі электр көзінен 47 минутта қуат алса, үлкені одан екі есе көп уақытта қуаттанады. 

1

Buffalo Voltissimo қазір Жапония нарығында 190 доллар бағамен сатылуда. Құрылғының әлемдік нарыққа қашан шығатыны әзірге белгісіз. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: redmondpie.com

Б. Қосмағамбет