Суға да батпас, ұрса да сынбас смартфон

Суға да батпас, ұрса да сынбас смартфон

Caterpillar әлемге ең мықты, төзімді құрылыс техникаларын шығарушы компания ретінде танымал екенідігі белгілі. Алайда ол осы саламен шектеліп қалмақ емес. Олай дейтініміз, жақында ол Caterpillar CAT B15 деп аталған Android операциондық жүйесінде қызмет жасайтын смартфон жасап шығарды.

Беріктігі аса жоғары Caterpillar CAT B15 смартфоны бірнеше метр биіктіктен қатты дене бетіне құласа да, ешқандай өзгеріске ұшырамайды, яғни зақымданбайды. Сонымен қатар, ол су астында 30 минутқа дейін еркін жұмыс жасай алады. Ал оның жұмыс жасау температурасының диапазоны - (-20)-дан + 50-қа дейін.   

Жаңа смартфон 4-дюймды WVGA-дисплейіне ие. Ол екі ядролы, гигагерцті Cortex-A9 процессорымен жабдықталған. Сондай-ақ, 512 МБ оперативті жады мен 5 мегапиксельді камерасы бар.  

Android Jelly Bean ОЖ-мен жұмыс жасайтын смартфонның бағасы - 437 доллар. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: itc.ua 

Б. Қосмағамбет