Samsung Tizen операциондық жүйесімен жұмыс жасайтын телефондарын биыл шығарады

Samsung компаниясы Tizen операциондық жүйесімен жұмыс жасайтын тұңғыш смартфондарын 2013 жылы сатылымға шығармақ. 

Смартфон бағасы әзірге белгісіз. Белгілісі тек Tizen-де жұмыс жасайтын құрылғылар арзан bada ОЖ-нің орнын алмастырмақ. Tizen мен bada жобаларын біріктіруді компания 2012 жылдың қаңтарында айтқан болатын. 

Tizen ОЖ-і Linux процессоры негізінде болмақ. Ол технология планшет, нетбук, навигаторлар, теледидар және тағы да басқа құрылғыларға пайдаланылмақ.  

Жалпы Tizen ОЖ-і 2011 жылдың қыркүйегінде таныстырылған еді. Samsung компаниясы осыған дейін Android және Windows Phone ОЖ-лерімен басқарылатын смартфондарын шығарып келді. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: gizmag.com