Skype бағдарламасы

Skype бағдарламасы

Миллиондаған  адамдардың басқа қалада немесе басқа елде тұратын жақын адамдарымен байланысу қажеттiлігі туады. Егер басқа қаламен болса, онда   қоңырау шалу қымбат емес, ал басқа елмен болса, онда сәл  күрделiрек. Себебі, тек қана iс бойынша жылдам тілдесуге тура келеді. Әсіресе балалары басқа елде тұрып жатқан ата-аналарға қиын. Осындай жағдайда, қашықтықтағы қарым – қатынас мәселесін компьютерді және интернетті пайдалана отырып шешуге болады. Ол электрондық пошта арқылы немесе арнайы бағдарламалар көмегiмен жүзеге асады.

Қазіргі таңда IP-телефония ретінде қолданыла алатын алуан түрлі бағдарламалар бар. IP-телефония Internet арқылы дауысты жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл бағдарламалар ішіндегі ең танымалы және қарым - қатынастың ыңғайлы әдісі - Skype (http://www.skype.com.) болып табылады.

Скайп  - бұл дүниежүзі бойынша жора-жолдастарыңмен, бауырларыңмен және өз әрiптестерiңмен интернет желiсі арқылы қатынасуға мүмкiндiк беретiн бағдарлама. Бағдарлама Skype Limited серiктестiгiмен жасалған.

Бұл бағдарлама Windows операциялық жүйесіне ғана емес, сонымен қатар  Mac OS X, Linux және Pocket PC операциялық жүйелеріне арналған.

Бағдарламаның мәнін түсiну сіз үшін өте маңызды. Skype бағдарламасы интернет желісі қосылған адамдарға тегін қарым – қатынас жасауға мүмкiндiк бередi. Ол үшiн сiзде және сiзбен қарым – қатынас жасайтын адамда компьютер немесе интернетке шыға алатын қазiргi заманғы жылжымалы телефон болуы қажет. Оған скайп бағдарламасы орнатылуы тиіс. Сiз осы бағдарламаға қарым – қатынас жасайтын адамдарды қосуыңыз керек. Осыдан кейін  қалағаныңызша сөйлесе беруіңізге болады. Бұл бағдарлама қарапайым құрылған, оны  тәжірибесі жоқ адам да тез әрі оңай үйрене алады. Сонымен бірге, скайп бағдарламасының арқасында үй және жылжымалы телефон нөмiрлерiне интернет бойынша телефон шалуға болады. Расында оған ақы төлеуіңіз қажет. Бірақ әдеттегі телефон арқылы  қоңырау шалудан гөрі, бұл анағұрлым арзан және сіз үшін тиімді. Мысалы, сіздің басқа елде тұратын қарт туысыңыз бар делік, оның компьютері жоқ немесе пайдалана алмайды, сондықтан байланыстың жалғыз әдісі бар – телефон. Демек, сіз үй немесе жылжымалы телефон нөмiрiне оған телефон соға аласыз. Осылай сiз Skype бағдарламасының арқасында қалтаңызды едәуiр үнемдей аласыз.

Скайптың жалпы сипаттамасы:

Skypе-тың қоңыраулары –мұнда кәдiмгi телефонның барлық функциясы бар,сондықтан оның  көмегімен байланысу  өте оңай.

Бейнеқоңырау - әңгiмелесушiні естіп қана қоймай, көруге де болады.

Топ құру – дербес атауы бар бiрнеше адамды топтастыруға және жасалған тiзiмді басқа адамдармен айырбастауға болады.

Чат және смайлшелер – сөйлесуге ыңғайсыз уақытта  лездік хабарлама жiберуге болады.

Ортақ чат - барлық жора-жолдастарыңа қажетті  мәлiметтi бiрден хабарлау керек болған жағдайда қолданылады.

Конференция – бiрнеше адамға бiр уақытта қоңырау шалу.

 Скайптын негізгі артықшылықтары:

- Skype тағы досыңызбен тегін сөйлесу; 

- Ұялы байланыстарға немесе қалалық телефондарға арзан бағамен телефон шалу;

- Чатта тегін сөйлесу;

- Дауысты хабарлама;

- Тегін бейнеқоңырау;

- Егер сізде микрофон және құлаққап болса, онда сіз көрші қаладан досыңызға қоңырау шала аласыз;

- Егер сізде микрофон, құлаққап және веб-камера болса, онда сiзге видеоконференция өткiзуге, әңгiмелесушiнi көруге болады, оны "бейнетелефон" деп айтуға болады, бірақ шын мәнінде мәліметтер интернет желісі арқылы жіберіледі;

- Skype 100 адамға дейiн қатыса алатын онлайн конференцияны бiр уақытта өткiзуге мүмкiндiк бередi;

- Skype сізге ешқандай да жарнама ұсынбайды, сондықтан сiздi қалқып шығатын терезелер және баннерлер мазаламайды;

- Skype  барлық мәлiметтердi автоматты түрде шифрлайды(қоңыраулар, SMSтар, чаттар, файлдар).      

Скайп бағдарламасын орнату

Skype- ты орнату  бәсекелес  бағдарламалардың басым көпшiлiгіне қарағанда анағұрлым оңай iске асады. Скайп арқылы қарым-қатынас жасау үшiн бағдарламаның дистрибутивын жүктеп, оны орнату жеткілікті. Қоңыраулар үшін құлаққап немесе сыртқы микрофон керек. Бағдарламаның үйлесімдігіне байланысты ешқандай мәселе туындамауы тиіс. Skype үшiн ең басты талап - интернетке қосылу. Егер интернеттiң жылдамдығы жоғары болса, қалғанына уайымдаудың қажеті жоқ, барлығы да  ойдағыдай болады.

 Skype бағдарламасын пайдалану үшін компьютер мынадай ең аз жүйелік талаптарға сай болуы тиіс:

 · Windows 2000 немесе XP амалдық жүйесі;

 · 400 MHz процессор;

 · 128 MB оперативті жады;

 · дискіде 15 MB бос орын;

 · дыбыстауыш, құлаққап + микрофон (гарнитура);

 · 33.6 Kb/s-тан төмен емес жылдамдықты Internet қосылысы.

Қорытындылайтын болсақ  Skype  қазіргі таңда ең жақсы VoIР – қызметінің бірі.

Берілген  бағдарлама кез келген әдiстермен төлеуге болатын көппрофильдi қарым-қатынас жасау мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi. Ештеңеге  әсер етпейтiн майда кемшiлiктерi ғана бар. Көп қолданушылар дәл осы себепке байланысты күн сайынғы қарым-қатынас үшiн Skypе-ты таңдайды. Қазіргі кезде Скайп – іс жүзінде тыңдалмайтын жалғыз нақты сөйлесу мүмкіндігі. Тіпті мен сіздерге скайп сайтында жазылған сөйлемді айтайын:"Skype-тың басты мiндеттерiнiң бiрi біздің абоненттерімізді рұқсат етiлмеген тыңдаудан қорғау болып табылады ."

Сондықтан, Скайп бағдарламасы хабар алмасудың ең тиімді, ыңғайлы, қарапайым түрі.

Автор: Жібек Зәкенова

Сурет: blog-codera.net

Естеріңізге сала кетейік, Данияр Сәкенов Скайп бағдарламасын қазақ тіліне аударып шыққан болатын. Енді Скайпты қазақ тілінде пайдалана аласыздар.

Форумда талқылайық

М. Оңғарова