Жалған Twitter халықтың жеке ақпаратын ұрлауда

Жалған Twitter халықтың жеке ақпаратын ұрлауда
Фото: http://twitter.com/

Twitter-дің егізі сервис қолданушыларының жеке мәліметтерін ұрлауда. Бұл туралы "Касперский лабораториясы" ескертті.

Алаяқтық мынадай жолмен жасалады. Кезекті құрбанға шамамен мынандай мазмұндағы мәтін жіберіледі: "Саған не айтып жатқанын естідің бе? Сенің кесіріңнен көп адам зардап шегуде". Хабарламаға bit.ly сервисі арқылы қысқартылған сілтеме қоса келеді. Бұл сілтеме Twitter-дің дизайнын дәл қайталайтын сайтқа алып келеді. Онда енгізілген қолданушылардың логиндері мен құпия сөздері кибер қылмескерлердің қолына түседі.

Қазіргі кезде осындай 2 жалған сайт өшірілді. Аляқтардың қолымен жасалған мұндай құрықтарды бірнеше белгілер арқылы анықтауға болады. Біріншіден сайттың URL-адресіне назар салу керек. Онда қателіктер болуы мүмкін. Мәселен Twitter сөзі tvvitter немесе tivvitter деп жазылуы мүмкін. Екіншіден Google Chrome браузерінде URL-адресі жолында сайтқа дұрыс кіргендігіңізді айғақтайтын көк түсті индикатор бар. 

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан