Эйнштейн теориясы үлкен сынақтан өтті

Эйнштейн теориясы үлкен сынақтан өтті
Фото: Day.Az

XVII ғасырда туған Иссак Ньютонның физика жайындағы барлық еңбегі кез келген физикалық құбылысқа сай келе бермейді. Себебі ол теорияны сондай жылдамдықта ғана пайдаланып үлгеру керек. Ал тегінде керек заңдылық Эйнштейннің тартылыс күші турасындағы заңы. Аталған теория қай жағынан алса да жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Тіпті арада жүз жыл өтіпті. Бірақ бір сұрақ туындайды: ол қаншалықты жақсы?

Бұл ақиқатқа көз жеткізу үшін ғалымдар жағы үлкен сынақ жасады. Олар жиырма жыл ішінде құрастырылған телескоптар арқылы Мерген А* айналасын, біздің орталық күн жүйеміздегі қара ойықтың ара қашықтығын қарастырды. Олар осы зерттеу арқылы үлкен нәтижеге қол жеткізді.

Андреас Экарт, ғалым: «Біз мұны қалыпты сынақ деп қарай алмаймыз. Бұл – үлкен нәтижеге қол жеткізуге арналған жұмыс. Нәтижесі қуантады деп күтіп отырмыз» дейді.

Ғалымдар Эйнштейн теориясы арқылы әлі де көптеген дүниенің сырын ашып, енді осы бағытта жұмыс жасалатын болады деп отыр. Сынақтан сәтті өткен жобаның нақты нәтижесі жақын арада жарияланады. 

М. Ақан