Цифрлы Қазақстан: «E-freight» жобасы қағазбастылықтан арылтады

Цифрлы Қазақстан: «E-freight» жобасы қағазбастылықтан арылтады
Фото: Nordic Sales

«E-freight» – әуе жүк тасымалдауды қағазсыз рәсімдеу және сүйемелдеу бойынша Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) ұсынған халықаралық стандарт. Бұл жоба Цифрлы Қазақстан бағдарламасында қарастырылған. «Е-freight» мазмұны қағаз құжаттарын пайдаланудан бас тарту және жүкті әуе көлігімен тасымалдауды дайындау, рәсімдеу және орындау процесіндегі қарым-қатынаста кедендік және салықтық салалардың өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ете отырып, оларды сәйкес электрондық құжаттарға ауыстыру шараларынан тұрады.

«Е-freight» қатысушылары – әуе компаниялары, жүк тасымалдау агенттіктері, жерде қызмет көрсету кәсіпорындары, әуежайлар, кедендік органдар, фито- және ветеринарлық санитария органдары. Қазақстан Республикасында «Е-freight» жобасын енгізу арқылы мынадай табысты нәтижелерге жетуге болады:

- әуе кемелеріне қызмет көрсетуді жеделдету есебінен әуе жүк тасымалдау саласындағы шығындарды қысқарту;

- транзит барысында уақытты үнемдеу: құжаттарды жүктің өзін жөнелтуге дейін жіберу, құжаттарды өңдеу кезеңін қысқартады, осының нәтижесінде әуе кемелерін 10 минут ішінде жөнелтуге мүмкіндік туады.

- ақпараттың дәлдігіне қол жеткізіледі, өйткені ұшу бекетінде электрондық деректерді бір жолғы енгізу деректердің анық немесе толық болмауынан жүкті жөнелтудің кідіру мүмкіндігін төмендетеді;

- үдерістер мәліметтерінің ашықтығы: электрондық құжаттама жүктің тасымалдау жағдайын онлайн режимінде қадағалауға мүмкіндік береді, бұл жүктің жіберушіден алушыға дейінгі қозғалысы процесінде сыбайлас жемқорлық жағдайларының болуын азайтады;

- жоғары деңгейдегі қауіпсіздік: электрондық құжат тек жүк тасымалдау процесіне қатысушы тараптарға ғана қолжетімді болады;

- экологиялылық: жүйе қағаз құжаттарынан арылуға мүмкіндік береді, яғни, бұл елдің орман қорын сақтауға өз үлесін қосады.

М. Оңғарова