Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Техно / Шолу / Жаңа iPhone 5 хакерлер қолында

Жаңа iPhone 5 хакерлер қолында

Жаңа iPhone 5 хакерлер қолында

CHPWN деген жасырын есіммен танымал Грант Пол атты хакер жаңа iPhone 5-ке бұзып кірді, деп хабарлайды РИА Жаңалықтар. 

Енді қолданушылар компания мақұлдамаған кез келген қосымшаларды өз смартфондарына жүктей алады. Бірақ, агенттік хабарлағандай, аталған хакер қолданушылар үшін ешқандай нұсқау немесе ережелер қалдырмаған. 

Өзінің бұл шабуылды жасағанының дәлелі ретінде, Грант Пол өз Twitter-микроблогында iPhone 5-тің Cydia атты қосымша жүктелген суретін жариялады. Бұл қосымша  ресми емес интернет-дүкендерге кіру үшін қолданылатыны белгілі. Сонымен қатар, бұл қосымшаның ерекшелігі - тек хакерлер бұзып кірген смартфондарға ғана жүктелетіндігі.

"JailBreak" деп аталған бұл қарақшылық шабуылы құрылғының файлдық жүйесіне кіре отырып, Apple App Store деген ресми емес интернет-дүкенінен қосымшаларды келісімсіз жүктеуге мүмкіндік береді. JailBreak-тен кейін смартфонға қарақшылық софты да жүктеуге болады.

Естеріңізге сала кетсек, жаңа iPhone 5 биылғы жылдың 12 қыркүйегінде АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында тұсауы кесілген еді. Ал смартфондардың жаппай сатылымы АҚШ, Австралия, Канада, Франция, Германия, Ұлыбритания, Жапония, Сингапурь және Гонконг елдерінде 21 қыркүйекте басталды. Қазақстанда iPhone 5-тің ресми сатылуы болмайды.

сурет: tengrinews.kz

Дайындаған: Қосмағамбет Болат

1337 0
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 24 қыркүйек 2012, 10:56
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...