Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Техно / Шолу / Nokia-ның халы мүшкіл

Nokia-ның халы мүшкіл

Nokia-ның халы мүшкіл

Әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі болған Нокиа компаниясының халы мүшкіл. 

Нокиа құрдымға кетеді деп кім ойлаған? Аузын айға білеген сарапшылардың өзі алып компанияның бұл әрекетін қалай атарларын білмей дал. Ал компанияның атқарушы директоры Стивен Илоп: "Стратегиялық қайта құру жолында соқтығысқан қиындықтарымыз біз ойлағаннан әлдеқайда мықты болып шықты" деп әлсіздіктерін мойындап отыр. Топ-менеджер "стратегиялық қайта құру" деп Microsoft-пен құрған одақты, Symbian операциялық жүйесінен бас тартқандарын және Аpple шығарып қойған жүйелерді өздері шығармақшы болғандағы қадамдарын меңзесе керек.

Nokia бәсекелестік айдынында қанаттары қайрылып қана қоймай, жалпы алғанда шығынға белшесінен батып отыр. 2010 жылы 227 млн евро кіріс түссе, 2011 жылғы шығын 368 млн евроны құрады. Дәл осы 2011 жылдың екінші тоқсанында Applе 20,3 млн тауарын сатып жатқанда, Нокиа 16,4 млн ғана телефонын өткізді. Сарапшылар Нокиа осы жылы штатын қысқартып, әлем бойынша 4 мың қызметкерін жұмыстан шығаруға мәжбүр болмақ дегенді айтады.

 

Шынтуайтқа келгенде, 1865 жылы қағаз шығаратын фабрика ретінде негізін қалаған Нокиа 1987 жылдан бастап (сол жылдан бастап компания тұрмыстық техникалар шығара бастады) өз саласындағы көшбасшы болып қана қойған жоқ, осы нарықты құрушы да еді. Алғашқы коммуникаторы Nokia 9000 деген атпен 1996 жылы жарыққа шығып, бизнесмендер арасында аса танымалдыққа ие болған болатын. Нарыққа iPhone жарқ етіп шықпағанша, бұл компанияның дәурені жүріп тұрды. Дегенмен 2009 жылдың өзінде телефондардың 30 пайызы Нокиаға тиесілі болды. Алғашында сенсорлы экраны бар технологияларды шығарудан бас тартудың арты Нокианың құрдымға құлауына әкелді. Ал Apple болса, жыл сайын смартфондарын шығаруды екі есеге арттырып отыр. 

2012 жылдың бірінші тоқсанындағы нәтиже бойынша, компания көшбасшылық тұғырдан тайып, Apple мен Samsung-тен кейінгі үшінші орынды місе тұтуда.

Финляндиялық компанияның ендігі тағдырының не болмақтығы әзірге тек қана уақыт еншісінде...

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: smart-blog.ru, provereno.womenandlife.ru

2089 5
Рейтинг: +3

Қосылған күні: 11 қыркүйек 2012, 13:44
Пікірлер
+0
11 қыркүйек 2012, 14:14

обал ааайй

+0
11 қыркүйек 2012, 14:24

солай дейсіз... өкінішті

+0
16 қыркүйек 2012, 17:17

қап :(

+0
26 қыркүйек 2012, 21:13

"Айфон шыққалы нокиа жәйфон боп қалды" дегенге саяды екен мазмұны...

+0
21 қазан 2012, 12:38

Нокиа андроид телефондарын шығарса керемет болады,нокиа әлі ескі симбианмен жүр

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...