Apple басшылары туралы не білесіз?

Apple басшылары туралы не білесіз?
Фото: www.yoyowall.com

Өткен аптада Google корпорациясының «жасыл роботтары» (Android) туралы арнайы тест дайындаған болатынбыз. Ендеше тесттің жалғасын Apple компаниясының басшыларына қатысты сұрақтармен жалғастыруды жөн көрдік.

Apple компаниясының негізін қалаушы Стив Джобс екенін барлығымыз білетін болармыз. Ал компанияның одан бөлек бірнеше басшысы болған. Сонымен, Apple компаниясының неше басшысы болғанын немесе Стив Джобс кімнің бастамасымен компаниядан кеткенін білгіңіз келсе, біздің тест тапсырмамызға көз жүгіртіңіз.

1. Бүгінге дейін Apple корпорациясының неше бас директоры болған?
A) 6
B) 1
C) 3
D) 5
E) 7


2. 1985 жылы кімнің бастамасы бойынша Стив Джобс Apple компаниясынан кетеді?
А) Майк Марккула
В) Ян Кум
С) Гил Амелио
D) Джон Скалли 
Е) Джонатан Айв


3. 1993-96 ж.ж. Apple басшысы кім еді?
А) Джон Скалли
В) Пол Аллен
С) Майкл Шпиндлер
D) Майк Марккула
Е) Джонатан Айв


4. Apple компаниясының қай басшысының басы таз болған?
А) Тим Кук
В) Стив Возняк
С) Стив Джобс
D) Джон Скалли
Е) Ешқайсысы таз болмаған


5. Стив Джобсқа өз бауырының бір бөлігін бергісі келген басшы кім?
А) Джон Скалли
В) Элон Маск
С) Тим Кук
D) Фил Шиллер
Е) Сергей Брин


6. Компанияның қай басшысының лақап аты "Дизель" болған?
А) Майкл Шпиндлер
В) Джон Рубенштейн
С) Ларри Пейдж
D) Стив Возняк
Е) Лесси Маккинли


7. Қай Apple басшысы бар қаржысын қайырымдылыққа жұмсаған?
А) Стив Джобс
В) Билл Гейтс
С) Руперт Гринт
D) Майкл Фассенберг
Е) Тим Кук


8. Newton мини-компьютері кімнің жобасы болған?
А) Марк Цукерберг
В) Стив Джобс
С) Джон Скалли
D) Питер Тиль
Е) Стив Возняк


9. Тим Кук қай компанияның директорлар кеңесінің құрамына кіреді?
А) IBM
В) Nike
С) Intel
А) HP
Е) Google


10. Алғашқы iPhone смартфонын қай басшы таныстырды?
А) Стив Джобс
В) Джонатан Айв
С) Майкл Марккула
D) Элон Маск
Е) Марк Цукерберг

Жауаптарды тазарту
Ж. Өрісбай