Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Білесіз бе? / Тим Кук Стив Джобсқа бауырының бір бөлігін бергісі келген

Тим Кук Стив Джобсқа бауырының бір бөлігін бергісі келген

Тим Кук Стив Джобсқа бауырының бір бөлігін бергісі келген

Осыдан біраз бұрын Стив Джобстың өмірі туралы жаңа кітап шығатыны белгілі болған еді. Дегенмен оның мазмұны қалай болатыны туралы еш мәлімет берілмеген болатын.

Ғаламтор беттерінде Стив Джобстың өміріне қатысты бұрын біз білмеген әртүрлі деректер шыға бастады. Атап айтқанда Apple компаниясының қазіргі басшысы Тим Кук бауырының бір бөлігін беріп, донор болуды ұсынған кезде, Стив оған келіспеген екен. Нақтырақ айтар болсақ, жаңа туындының авторы мен Тим Кук Стив Джобстың ағза мүшелерін ауыстыруға көнбегенін растайды.

Автор әдеби кітаптың бестселлерге айналуы үшін екі тұлғаның көпке белгісіз қысқа диалогтарын алдын ала жариялауды ұйғарыпты:

«Жеке басын ойлайтын адам олай жауап қатпас еді», — деп Кук сөзін жалғастырады. «— Менің нені негіздеп тұрғанымды айтайын: бауырының сыр беруінен өлім аузында жатқан біреу болса, екінші бір адам оның бұл тығырықтан шығу жолын ұсынып отыр. Мен сол кезде: «Стив, мен медициналық тексеруден өттім. Денсаулығым көтереді. Мен мұны жасауға дайынмын және тәуекелге бас ұра аламын. Барлығы жақсы болады». Ал ол бұл туралы ойлауды да жөн көрмеді. Оның жауабы: «Сен осылай жасауға сенімдісің бе? Мен мұны ойлаудан қалыспын. Мұндайға келіспеспін». Бұл оның кереуеттен атып тұрып берген жауабы еді. Ол кезде оның жағдайы расында мүшкіл болатын. Ол соңғы 13 жылда маған төрт рет дауыс көтеріп ұрысқан болса, осы сәт соның біреуі еді».

Одан бөлек, ғаламторда тағы бірнеше ақпарат жарияланды. Мысалы, кітапта Джобстың Yahoo! компаниясын сатып алғысы келгені туралы айтылады. Сонымен қатар, Стивтің теледидар нарығына бет бұруды жоспарлағаны да бар екен.

Брент Шлендер мен Рик Тетзели бірігіп жазған «Стив Джобстың қалыптасуы» (Becoming Steve Jobs) атты кітап АҚШ-та сатыла бастағанымен, шетел нарығына шыға қоймады. Оның Қазақстанда сатылу уақыты әзірге белгісіз.

Сурет: www.fastcompany.com

Ұқсас жазбалар: 

Стив Джобс туралы деректер

Әлемді өзгерткен үшінші алма

Әлемдік бизнеске қатысты 17 қызықты дерек

Стив Возняк: «Apple тарихы гараждан басталмаған»

Дайындаған: Жолдас Өрісбай
Қосылған күні: 02 сәуір 2015, 14:48

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->