Балаңыздың қолайлығы үшін ...

Балаңыздың қолайлығы үшін ...
Фото: hi-news.ru

Бала бақыты - кез келген отбасы үшін ауаның қарымындай маңызды. Болашақта ұрпағын жалғастыратын сәби үшін әке мен шеше қолынан келгеннің бәрін жасауға дайын болады. Тіпті қарапайым заттарды алып беру кезінде де ең жақсысын таңдауға тырысады. Шаранг Шет есімді дизайнер сәбиіне бесік арбасын өзі құрастыруды жөн көріпті.

Шаранг өз фантазиясын іске қосып, «Трон» және «Обливион» фильмдеріндегі транспорттық құрылғылардың аналогын жасаған. Дизайнер 10-нан астам функциясы бар заманауи арба құрастырған. Strollever атауына ие болған арбаға қозғалыс кезінде балаға қолайлылық сыйлайтын гироскоп бақылауындағы механизм орнатылған. Мұның қалай жұмыс істейтін төмендегі суреттер арқылы көре аласыз.

Арба ультракүлгін сәулені өткізбейтін айнамен жабдықталған. Сонымен қатар, жарық диотты лампалар түңгі уақытта да баланың халін көруге, оны алыстан бақылауға мүмкіндік береді. Одан бөлек, баланың демалатын ауасын тазалайтын Aquastream жүйесі қондырылған.

Strollever заманауи отбасыны қуантатын арбаның концепті ғана. Ал оның жүзеге асу мүмкіндігі инвесторларының қолында. Егер қолдаушы табылса, болашақта инновациялық құрылғыны дүкендерден көретін боламыз.

Ж. Өрісбай