Гаджеттер ым арқылы басқаруға бейімделеді (видео)

Гаджеттер ым арқылы басқаруға бейімделеді (видео)
Фото: www.bidnessetc.com

Google сенсорлы ым технологиясын дамытып жатыр. Project Soli атауына ие болған жоба адамның тіптен байқалмайтын қимылдарын сезетін радиолокациялық технологияны қолданады. Бұл болашақта кез келген гаджетті қол тигізбей басқару мүмкіндігін береді.

Project Soli жобасы Google компаниясының Advanced Technology and Products (ATAP) зерттеу бөліміне тиесілі. «Project Soli жобасы аясында радиолокациялық технологияның көмегімен жаңа интерактивті сенсор дамытылады. Кеңістіктегі сенсор айналадағы өзіне бағытталған қозғалыстарды нақты әрі жылдам қабылдап, жүзеге асырады. Кейіннен сенсорға микропроцессор қосып, электроника мен гаджеттерді басқару үшін қолдануға болады», - дейді жоба жетекшісі Иван Поупырев (Ivan Poupyrev).

Жоба енді ғана дамытыла бастаған болса да, төмендегі видеодан айтарлықтай нәтиженің бар екенін көреміз.

Мұндай технологияның арқасында болашақта гаджеттерді тұтыну тәртібі жеңілдейді. Мысалы, дыбысты үлкейту үшін арнайы батырманы басудың қажеті болмайды. Ол үшін жай ғана ауада екі бармағыңызды айналдыра қозғалтсаңыз болғаны. Басқа да басқару функциялары өзінің дәстүрлі құрылымы негізінде жасалатын болады. 

Ж. Өрісбай