- Негізгі бет
- Шолу
- Samsung Galaxy S6...
Samsung Galaxy S6 смартфонын көшірмесінен қалай ажыратамыз?
Әлемдік нарықта бренд ретінде танымал Galaxy S сериялы смартфондардың жаңа нұсқасы жақында сатылымға шыққаны белгілі. Өнім сұранысқа ие болғандықтан, нарықта оның сапасыз аналогтары да көбейді. Қазіргі кезде гаджеттің қытайлық көшірмелері белсенділік танытуда. Олар әдеттегі бағадан әлдеқайда арзан болып келеді. Ендеше Galaxy S сериалы смартфондарын сапасыз нұсқаларынан қалай ажырату керек?
Расында көптеген өндіріс орталығы гаджеттерді барынша ұқсас етіп жасауға тырысуда. Қарапайым адам оны тіпті ажырата алмауы да бек мүмкін. Әйткенмен де, флагманды өнімнің техникалық сапасын айыра білмесеңіз, сыртқы корпусына қарап, қарапайым артықшылықтарын байқауға тырысыңыз.
Бұл видеоны YouTube интернет қызметінің TechRax арнасы жариялап отыр. Видеоның авторы өнімнің сапасыз нұсқасын өзі білмей сатып алғанын айтады. Сол себепті бұл қателікті өзге біреу қайталамауы үшін салыстыру видеосын жариялаған.
Смартфонды заңсыз өндірушілер тіпті интерфейстің ұқсастықтарына дейін бірдей жасауға тырысқанын айтады. Бір қарағанда айырмашылығы жоқтай көрінетін смартфондар шындығында екі түрлі сапаға ие екеніне өздеріңіз куә болып отырсыздар.
Ең басты айырмашылығы гаджеттің корпусында болып отыр. Мысалы, Galaxy S6 түпнұсқасының корпусын металл мен айнадан жасаған. Ал қытайлық көшірмеде пластик қолданылған. Сонымен қатар, қорабына жабыстырылған лицензиялық белгісі болуы керек. Одан бөлек, жаңа гаджет сатып аларда арзанқол ұсыныстардан аулақ болғаныңыз жөн.
Ұқсас жазбалар:
Бір айда 10 миллион Samsung Galaxy S6 смартфоны сатылған
Samsung Galaxy S6 смартфоны дөңес дизайнға көшеді
Ж. Өрісбай