Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Шолу / Көлікті техникалық байқаудан өткізу кезінде "қазақ тілді техникалар" пайдаланылуда

Көлікті техникалық байқаудан өткізу кезінде "қазақ тілді техникалар" пайдаланылуда

Көлікті техникалық байқаудан өткізу кезінде

Елімізде көліктердің техникалық бақылауы саласында оң өзгерістер байқалуда. Осы орайда Алматыдағы “Шифа-авто” ЖШС қазақ тіліндегі бағдарламалармен қамсыздандырылған техникалармен жұмыс жасайтындығын айта кетелік. Анық тілмен айтсақ, көліктерін осы жерде техникалық байқаудан өткізген жүргізушілер қазақ тілінде толтырылған диагностикалық картаға ие бола алады. Бұл туралы massaget.kz-ке серіктестіктің директоры Ермек Сұлтаев әңгімелеп берді.

Орталықтар екі жерде орналасқан. Бір орталық Қалқаман ықшам ауданында (20Б үй, тел: 8(727) 270 88 27, 390 62 86,), бірі - Гайдар көшесінің бойында, Абай даңғылынан сәл төменіректе орналасқан (164 үй). “Шифа-автода” жеңіл автоларды тексеруден өткізуге арналған стационарлық линиялармен қоса, барлық көлік түрлеріне қызмет ете алатын әмбебап тізбектер де бар. Жұмыс франциялық Actia Muller компаниясының құрылғыларының көмегімен жүргізіледі. Алдағы уақытта германиялық МАХА фирмасының құралдарын іске қосу ойда бар екен. Бұл туралы нақтырақ мына жерден оқып білуге болады: auto.e-vesti.kz.

а

Бұдан бөлек жақын арада Алматы мен Алматы облысында жаңа орталықтар ашылады деп күтілуде. Рысқұлов даңғылының бойында екі стационарлық (әмбебап ), тек жеңіл автоларды бақылауға арналған тағы екі әмбебап, бір мобильдік тізбекті жаңа орталық ашылмақ. Боралдай ауылында да бір стационарлық (әмбебап), бір мобильді линиясы бар бір орталық (телефон 8 (727) 387 79 92); сонымен қатар, Алматы облысындағы Талғар ауданында екі стационарлық әмбебап линия іске қосылмақ. Орал, Хромтау, Ақтөбе, Өскемен, Қарағанды қалаларында да жұмыс жасалатын болады. Бұл техникалық бақылау орталықтарының мекен жайын анығырақ мына жерден көріп-білуге болады: auto.e-vesti.kz

“Шифа-авто” ЖШС-ның директоры Ермек Сұлтаевтың айтуынша, техникалық бақылаудың жеке орталықтарға тапсырылғандығы өте дұрыс болған. "Жұмысқа білгір мамандар мен заманауи техника кіріссе кез келген көлік иесі тұлпарын тексеруден өткізуге міндеттеусіз-ақ құлықты болады", - деді директор.

в
Қазіргі кезде бұл салаға көптеген бизнесмендер қызығушылық танытып отыр. Дегенмен техникалық бақылаудың сапалы да пайдалы болуы пайдаланылатын құралдардың шама-шарқына тікелей байланысты.

Осыған қатысты еліміздегі көптеген көлік мамандары: "Бақылау кезінде пайдаланылатын құралдардың шыдамды да, сапалы болуы өте маңызды. Осы орайда Қазақстан аймағында еуропалық жол кодексінің талаптарына жауап беретін Actia Muller және МАХА фирмаларының құралылғыларына бәсекелес жоқ. Бұл техникалардың артықшылығы - тіпті 10 жыл өткен соң да жөндеу жұмыстарын талап етпейді", - деген пікір айтып жүр.

 

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан


320 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 02 шілде 2012, 17:20
Пікірлер
+0
03 шілде 2012, 00:26

дұрыс болған екен

+0
09 шілде 2012, 18:34

Жақсы жаңалық. Қазақ тілді техникалардың қазақшасы қалай екен?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...