Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Шолу / Алексей Беляков: «Элон Маск инженер емес, ол болашақты болжай алады»

Алексей Беляков: «Элон Маск инженер емес, ол болашақты болжай алады»

Алексей Беляков: «Элон Маск инженер емес, ол болашақты болжай алады»

Алматыда өтіп жатқан Start Up Tour 2015 шарасына «Сколково» инновациялық орталығының вице-президенті әрі атқарушы директоры Алексей Беляков негізгі спикерлердің бірі болып келді. Алексей инновациялық орталықтың ғарыштық технология және телекоммуникация кластеріне басшылық етеді. Massaget.kz тілшісі Алексей Беляковтен қазіргі ғарыштық технологияның даму үдерісі жайлы сұхбат алған болатын.

- Алматыға қош келдіңіз, Алексей. Мен Massaget.kz сайтының Техно айдарына жауапты тілшімін. Америкалық миллиардер Элон Масктың жобалары туралы ойыңызды білгіміз келеді? Ол нарықта еш жеңіліп көрген емес. Бұған оның өзі инженер болғандығы негіз болып отыр ма? Әлде оның ұтымды идеяны бизнес жобаға айналдыра алғандығы басты негіз болып отыр ма?

- Элон Маск – соңғы он жылда миллардерлер қатарына енген ең жолы болғыш кәсіпкер. Ол Paypal деп аталған жылдам төлеу жүйесінен біршама табысқа кенеліп, келесі жобаларына қаржыны тек өзі бөлуге тырысты. Себебі компанияның негізгі инвесторы атансаңыз, IPO-ға шыққан кезде дивиденттің негізгі бөлігі де сізге тиесілі болмақ. Расында, Элон Маск инженер емес. Ол технологияның алдағы он жылда қалай дамитынын болжай алады. Сондықтан өндірістің дұрыс бағытын еншілеп үлгерген. Мысалы, зымыранды ұшыруға өте көп қаржының жұмсалуы қазіргі ғарыштық технологияның негізгі проблемаларының бірі болып отыр. Оның шешімі ретінде Элон Маск көп мәрте қолдануға болатын Falcon атауына ие зымыранның модулін жасап жатыр. Одан бөлек, Tesla Motors компаниясы экологиялық таза көлік шығарумен айналысуда. Мұның бәрі Элонның технология дамуын оң бақылай білуінде деп ойлаймын.

- Сіздің лекцияңызға қатысып, ғарыштық технология саласындағы жаңа компаниялар туралы біршама ақпаратқа ие болдым. Жалпы қазіргі ғарыштық технологиядағы ең көп нәтиже көрсетіп жатқан әлемнің қай компанияларын атап айтар едіңіз?

- Әрине, мұнда да Элонның Space X компаниясын атай аламыз. Себебі қысқа мерзімде миллионы бар компаниядан бірнеше миллиард құнға тең корпорацияға айналып үлгерді. Оның қазіргі құны 10 миллиард АҚШ долларын құрайды. Осыдан 15-20 жыл бұрын ғарыштық технология саласымен тек мемлекеттік агенттіктер айналысатын еді. Ал қазір жекеменшік компаниялар бәсекелестік тудыруда. Өзінің үздік нәтижелерімен Элон Масктың Space X компаниясы NASA сеніміне кіре алды. Өткенде Элон америкалық агенттіктен үлкен көлемдегі тапсырыс алды. Одан бөлек, Virgin Galactic, Orbital Sciences, Bigelow Aerospace, Planet Labs және Dauria Aerospace сынды компаниялар ғарышқа зымыран ұшырып, үздік нәтижелерге жетуде. Google компаниясы төменгі орбита бойымен айналып, ғаламторға кіру мүмкіндігін беретін аппарат құрастыруды жоспарлап жатыр. Сол себепті Google осы идеяны жүзеге асырғалы жатқан Space X компаниясына $1 миллиард инвестиция құйды.

- Осыдан бірнеше күн бұрын Apple, Google, Facebook тағы басқа әлемнің алып IT-компаниялары Boeing-тің ғарыштағы спутнигін сатып алғысы келетіндерін мәлімдеді. Неліктен IT-компаниялар ғарыштық технологияға қызығушылық танытып жатыр?

- Себебі негізгі ресурсы интернет болатын компаниялар жылдам ғаламторға ие болуы үшін ғарышқа жеке аппарат ұшыруды жоспарлауда. Себебі ғаламда интернет қолданушылары артса, ғаламтор қызметтерінің де трафигі жоғарылайды. Соның есебінен олар табысқа жетпек. Google мен Facebook бұл мәселе төңірегінде жобаларын бастап үлгерді. Қалған компаниялар да көштен қалмау үшін барынша тырысуда.

- Алып корпорациялар мен астрофизиктер жасанды санаға қатысты әртүрлі пікір білдіруде. Мысалы, Элон Маск, Стивен Хокинг және Билл Гейтс жасанды сананың дамуына қарсы екендерін білдірсе, Эрик Шмидт және Марк Цукерберг адам баласының саналы роботтарды бақылауда ұстай алатынын айтады. Ал сіз қалай ойлайсыз?

- Бұл, әрине, өте күрделі мәселе. Оның даму үдерісі неге алып келетінін нақты айту қиын. Сондықтан ешқандай пікір айтпай-ақ қойғаным жөн.

- Сұхбатыңызға рақмет! 

Сурет: ©massaget.kz

Ресейлік StartUp Tour Қазақстаннан жаңа бизнес жобаларын іздейді

Star Up Village іс-шарасы туралы не білесіз?

Элон Маск: «Болашақта адамзат үшін көлік жүргізу заңсыз болып саналады»

Америкалық миллиардер Элон Маскті жетістікке жеткізген бес жоба

Дайындаған: Жолдас Өрісбай
Қосылған күні: 20 наурыз 2015, 16:35

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.