Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Шолу / Әлемдегі ең алғашқы антисмартфон қандай болмақ?

Әлемдегі ең алғашқы антисмартфон қандай болмақ?

Әлемдегі ең алғашқы антисмартфон қандай болмақ?

Біз смартфондарды пластик немесе металмен қапталған нақты төртбұрышты гаджет деп білеміз. Сонымен қатар, аппаратты өзімізге пайдалы қосымшалармен толтыратынымыз әдеттегі жағдай. Сол себепті де бос уақытымыздың көп бөлігін осы смартфонға қарап, әртүрлі ақпарат алумен немесе түрлі ойын ойнаумен өткіземіз. Америкалық Mohohm компаниясы нарыққа Runcible деген атауға ие ерекше гаджетін шығарып, жоғарыда аталған стереотиптерді жоққа шығарды.

Mohohm инженерлері мен дизайнерлері корпусы ағашпен көмкерілген дөңгелек пішінді смартфон шығарды. Сондай-ақ, бұл гаджеттің ешқандай заманауи модульдері мен мобильді қосымшалары жоқ. Тіпті қарапайым рингтон дыбысы пен дірілі жобаға енбепті. Басқаша айтқанда, бұл әлемдегі ең алғашқы антисмартфон болып отыр.

Сырт көзден Runcible көп жылдар бұрын сәннен кеткен қалта сағатына ұқсап кетеді. Айта кететін жәйт, өнімнің ағаш корпусы да басты ерекшеліктерінің бірі болып отыр. Себебі қарапайым ағаш соңғы рет 80-жылдары ғана корпус ретінде қолданылған болатын. Расында, түрлі-түстермен әрленген ағаштар гаджетке ерекше көрік беріп тұр.

Runcible смартфоны Firefox OS оперативті жүйесінде жұмыс істейді. Сондықтан түрлі қосымшаны жүктеу туралы ойлаудың қажеті де шамалы. Егер сізге өзге мобильді қосымшалар қажет болса, олардың веб-аналогы арқылы ғаламтордан тауып аласыз. Runcible смартфонының тағы бір ерекшеліктерінің бірі оның навигациялық жүйесінде болып отыр. Айта кетсек, жаңа жүйе белгілі бір бағдарды анықтау кезінде қаланың көрікті аймақтарын барынша қамтуға тырысады.

Антисмартфонның дыбыс бірлігі мен динамикасы жоқ. Құрастырушылардың айтуынша, бұл тұтынушылардың күнделікті дағдылы өміріне кедергі болмауы үшін жасалыпты. Гаджеттің ағаш қақпақтарын кез келген уақытта ауыстыруға болады. Бұл орайда, инженерлер ағаштың желінуін ескерген болар.

Mohohm компаниясы антисмартфонын 2015 жылдың соңына қарай таныстыруды жоспарлап отыр. Идея авторлары оның құны өзге де өндірушілер қоятын орташа бағамен бірдей болатынын айтады. Аппараттың техникалық мінездемесі толығымен жыл соңында белгілі болмақ.

Сурет: revolverlab.com

Оқи отырыңыз: 

MWC 2015. Samsung Galaxy S6 смартфоны дөңес дисплейге ие болды

MWC 2015. Sony судан қорғалған жаңа смартфонын таныстырды

LG төрт жаңа смартфонын таныстырды

Экраны жоқ смартфон нарықты бағындыруда

Дайындаған: Жолдас Өрісбай
Қосылған күні: 03 наурыз 2015, 18:11

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.