2014 жылы қолданылған ең осал электронды құпия сөздер

2014 жылы қолданылған ең осал электронды құпия сөздер

Қазіргі заманның талабына сай өмір сүретін әрбір азамат өмірінің көп бөлігін компьютер алдында өткізсе де, күнделікті қолданатын электронды құпия сөздерінің осал болуына жол береді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сарапшылар ешкімнің ойына келе бермейтін күрделі құпия сөздерді қолдану сынды кеңестерін беруден шаршамайды. Дегенмен адамдар біреудің қателігі былай тұрсын, өз қатесінен де сабақ алмайды екен.

SplashData сараптамалық компаниясы 2014 жылы миллиондаған ұрланған құпия сөздерді анықтап, олардың ең осал 25 нұсқасының тізімін жасады. Сөздердің оңай болғаны сонша тіпті құпия сөзге де жатқызуға келмейді. Себебі қара ниетті тұлғалар орта есеппен бір минутта бір құпия сөзді таба алған. Компьютер қауіпсіздігі саласындағы маман Марк Беннеттің айтуынша, ТОП 25 тізіміне енген сөздер жалпы есептің 2,2%-ын құрапты.

Ең осал электронды құпия сөздердің реті мынадай:

  1. 1. 123456
  2. 2. password
  3. 3. 12345
  4. 4. 12345678
  5. 5. qwerty
  6. 6. 123456789
  7. 7. 1234
  8. 8. baseball
  9. 9. dragon
  10. 10. football
  11. 11. 1234567
  12. 12. monkey
  13. 13. letmein
  14. 14. abc123
  15. 15. 111111
  16. 16. mustang
  17. 17. access
  18. 18. shadow
  19. 19. master
  20. 20. michael
  21. 21. superman
  22. 22. 696969
  23. 23. 123123
  24. 24. batman
  25. 25. trustno1

SplashData компаниясының мамандары ғаламтордағы өзіңізге тиесілі ақпараттың қауіпсіздігі үшін тағы да ескертеді. Жеке мәліметтеріңіздің қауіпсіздігі сіз ойластырған құпия сөзге байланысты. Ендеше оның кем дегенде сегіз символдан тұруы және құрамында сандармен қатар әріптердің де бар болуы өте маңызды. Содан кейін бір ғана құпия сөзді бірнеше сайтта қолданбаған жөн.

Егер әр түрлі күрделі құпия сөздерді жатқа білу қиындық тудырса, LastPass және SplashID сынды құпия сөздерді басқару қосымшаларын пайдалануға болады. Бұл орайда сіз тек кіру кезінде жазатын басты сөзді білсеңіз болғаны, қалғандары сенімді жерде сақталады. Әрине басты құпия сөздің өзі де «123456» дегенге қарағанда күрделі болуы керек.

Сурет: www.wired.co.uk

Оқи отырыңыз:

Ең қауіпсіз құпия сөздердің рейтингісі

Ж. Өрісбай