Украина жер серігін 2013 жылы ұшырмайтын болды

Украина жер серігін 2013 жылы ұшырмайтын болды

Украиндық Либідь телекоммуникациялық ғарыш аппараты 2013 жылы ұшырылмайтын болды. Бұл бір жарым жыл уақытқа созылған аппараттың орбиталды позициясын пысықтау жұмыстарымен түсіндіріліп отыр.

"Решетнев атындағы Ақпараттық спутниктік жүйелер" ААҚ аға директоры Николай Тестоедов берген сұхбатында: "Өкінішке орай тапсырыс беруші тарап (Украинаның мемлекеттік ғарыш агенттігі) аппараттың геостационарлы орбитадағы орнын анықтау барысында бізге белгісіз қиындықтарға ұшырапты. Соның себебінен бұл жоба қазіргі кезде уақытша тоқтап тұр", - деп ақпаратты нақтылады. Сонымен қатар бұл үзілістердің себебінен аппаратты ғарыш айлағына 2013 жылдың соңында ұшыру мүмкін болмай қалуы да кәдік екендігін қоса айтты.

"Дегенмен біз өз жұмысымызды тоқтатқан жоқпыз. Мәселен жақында ғана MDA-ның (канадалық компания -ред.) өкілдерімен кездестік. Әлі күнге дейін сол жақтағы әріптестерімізбен бірігіп жұмыс істеудеміз", - деді Тестоедов.

Естеріңізге сала кетелік, осыдан 3 жыл бұрын, 2009 жылдың 15 желтоқсанында Украинаның ұлттық ғарыш агенттігі халықаралық MDA компанисымен келісім-шартқа отырған болатын. Келісім бойынша МDA Украинаға спуткниктерді басқаруға арналған 2 орталық салып беруі керек болатын.

сурет: redom.ru