Ғаламторда Samsung Galaxy S5 Alpha смартфонының алғашқы суреттері пайда болды

Ғаламторда Samsung Galaxy S5 Alpha смартфонының алғашқы суреттері пайда болды

SamMobile және Tihnte сайттары бір уақытта корейлік электроника алыбының Samsung Galaxy S5 Alpha премиум-смартфонының алғашқы суреттерін жариялады. Фотодағы аппараттың Galaxy S5-тің 5,1-дюймді нұсқасынан әлдеқайда кіші екені көрініп тұр. Одан бөлек, жаңа смартфонның дизайны да өзгеше.

SamMobile ақпарат көзінің хабарлауынша, Galaxy S5 Alpha 4,7-дюймді дисплеймен жабдықталған. Экранның нақты түсіру сапасы туралы әзірге ақпарат жоқ. Ал қосалқы жадысы 32 ГБ көлемді қамтып, бармақ ізін танитын функциясы да қамтылған.

Жарияланған фотоларға мән берер болсақ, смартфонның сыртқы тысы алюминийден жасалынған. Техникалық сарапшылардың пікірінше, Alpha Apple-дің үстіміздегі жылдың қыркүйегінде сатылымға шығаруды жоспарлап отырған 4,7-дюймді iPhone 6 смартфонына Samsung компаниясының жауабы болатынын алға тартады. Ал Samsung өзінің жаңа өнімін ағымдағы жылдың тамыз айында шығаруға дайындалып жатыр.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.sammobile.com, www.tinhte.vn

Ж. Өрісбай