iPhone-ды көлікте қолдануға ерік беретін технология

iPhone-ды көлік тізгінінде қолдана беруге ерік беретін жаңа интерфейсті Apple компаниясы ұсынуда...

Пайдалы өнертабыс "CarPlay" деген атауға ие болды. Бір айта кетерлігі, Apple бұл өнімді көлік өнеркәсіптерімен бірлесіп жасап шығарған.

CarPlay өнімі көлік панеліне күні бұрын жабдықталады. Жүргізуші көлік тізгінінде отырып, Siri тетігін басса болғаны, сенсорлы экранда iPhone суреттемелері бар дисплей шығады.

Аталған технологияның көмегімен хат-хабар алысуға, адаспай жол табуға, ән тыңдауға және де бұрынғы жүріс бағытын білуге болады.

CarPlay технологиясы Mercedes-Benz, Volvo, Ferrari үлгілеріне қосымша болып отыр екен.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/9MABMsaNbBA","width":"450","height":"338"});

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: apple.com