Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Шолу / Samsung Galaxy Note Pro 12.2 10 планшетіне шолу

Samsung Galaxy Note Pro 12.2 10 планшетіне шолу

Samsung Galaxy Note Pro 12.2 10 планшетіне шолу

Смартфондардың диагоналі жыл өткен сайын өсіп келеді. Ал планшеттер болса керісінше жыл сайын кішірею үстінде. Бірақ Samsung компаниясы олай ойламайтын сияқты. Олар гаджеттер әлеміне жаңа тренд алып келгендей. Назарларыңызда 12 дюймды Android планшеті. Оның ішіндегі Note атты түрі. Біз бұл атаумен негізінен аттас смартфоннан таныспыз. Операциондық жүйесіне біраз өзгеріс енгізілген жаңа планшет қолданушыларына жол тартпақ.

Сонымен Galaxy Note Pro 12.2 алып планшетімен таныс болыңыз. Біз тек оның салмағы мен кейбір функциялары жөнінде әңгіме қозғайтын боламыз. Ал оның сипаттамаларына қатысты толық мәліметті ең соңында кестеде келтіреміз.  

1

Samsung Galaxy Note Pro 12.2 10 планшетінің 10 дюймды Apple iPad Air (сол жақта) және Samsung Galaxy Note 10.1 2014 Edition (оң жақта) құрылғыларымен салыстырмасы

Жаңа Note планшетін тасымалдау жағынан келсек, ол классикалық 10-дюймды планшеттерден еш айнымайды. Рюкзак немесе сөмкеге еш қиындықсыз сыйып кетеді. Ал оны қолда ұстап тұруға келсек, оның біраз қиындық туғызатынын айта кетейік. Салмағы бақандай 755 грамм.

2

Samsung Galaxy Note Pro 12.2 планшетін екі бірдей Apple iPad mini-мен салыстырғанда

Салмағы ауыр бұл планшетті үнемі қолда ұстап жүрудің өзі бір қиын іс. Сондықтан бұл үлкен кемшілік екені даусыз.

Алайда бұл мәселені қап көмегімен шешуге болар еді. Бірақ бұл мәселеде де өзінің қиындықтары бар. Мысалы эпплдік Smart Cover қабының салмағы 200 граммды құрайды. Ал біздегі планшеттің салмағын есепке алсақ, онда оған кем дегенде 400 граммнан кем емес қап қажет болатынын анықтаймыз. Сонда оның жалпы салмағы қандай болмақ? Ойлаудың өзі қорқынышты. Сондықтан да мүмкін аталған компания қызметкерлеріне гаджеттің артына қоятын тірегішті қоса жасауға болмас па еді деген тілегіміз жоқ емес. (Мысалы, Lenovo конструкциясы сияқты). Егер жағдай дәл осылай жалғаса беретін болса, Samsung қолданушыларын алдағы уақытта да жайлы әрі жеңіл өнімдер (әрине тек планшеттерге қатысты) күтіп тұр деп айта алмаймыз.

Төмендегі суретте Note модельдерін онсыз елестету мүмкін емес қалам көрсетілген.  

2

Планшетпен бірге

5

Планшеттен шығарғанда

Кейбір терезе командалары өз туысы Galaxy Note 10.1 құрылғысындағы қызметтермен сәйкес келеді. 

4  

Бір ерекшелігі қаламның көмегімен дисплейге басқан кезде тура Note 3 смартфонындағыдай жылдам командалар мен баптаулар шыға келеді.  

3

Терезедегі кейбір қосымшалар мен функциялар

5

Samsung Galaxy Note Pro 12.2 LTE (SM-P905) аппаратының техникалық сипаттамалары

Дисплей

12,2 дюйм, 2560x1600 (247 ppi), PLS

Сенсорлы экран

Көлемді, 10 рет бір уақыттағы жанасу 
Қаламмен жазу (S Pen)

Ауа қабаты

Жоқ

Олеофобты жабын

Бар

Поляризациялы фильтр

Бар

Процессор

Qualcomm Snapdragon 800 MSM8974: 
төрт ядролы Qualcomm Krait-400 (ARMv7); 
жиілігі 2,3 ГГц ; 
техпроцесс 28 нм HPm

Гарфикалық басқару

Qualcomm Adreno 330

Оперативті жады

3 Гбайт LPDDR3-1600

Флеш-жады

32 Гбайт (24 Гбайт қолжетімді) + MicroSD

Қабылдайтын сыртқы құрылғылар

1 х Micro-USB 3.0 (MHL) 
1 x 3,5 мм өлшемді гарнитурасы бар
1 x MicroSD 
1 x Micro-SIM

Ұялы байланыс

2G/3G/4G Модем Qualcomm MDM9x25 ( процессорге орнатылған), трансивер Qualcomm WTR1605/L 
micro-SIM форматындағы бір сим-карта

2G ұялы байланысы

GSM/GPRS/EDGE 850/900/1800/1900 МГц

3G ұялы байланысы

DC-HSPA+ (84 Мбит/с) 850/900/1700/1900/2100 МГц

4G ұялы байланысы

LTE Cat. 4 (150 Мбит/с) band 1, 3, 5, 7, 8, 20 (2100/1800/850/2600/900/800 МГц)

Wi-Fi

802.11a/b/g/n/ac, 2,4/5 ГГц

Bluetooth

4.0

ИК-порт

Бар

Навигация

GPS, A-GPS, ГЛОНАСС

Датчиктер

Жарықтандыру датчигі, акселерометр/гироскоп, магнитометр (цифрлы компас)

Негізгі камера

8 Мп (3264x2448), автофокус, диодты жарық

Фронтальды камера

2 Мп (1920x1080), автофокуссыз

Қайдан қуат алады?

Алынбайтын аккумулятор 
36,1 Вт·сағ(9500 мА·сағ, 3,8 В)

Өлшемі

296x204 мм 
8,4 мм корпусының қалыңдығы

Салмағы

755 г

Ылғал мен шаң-тозаңнан сақтау қорғанысы

Жоқ

Операциондық жүйесі

Google Android 4.4 (KitKat) 
Жеке өзіне ғана тән

Алдын ала болжанған бағасы

150 000 теңге

Төмендегі роликте Samsung компаниясының қос өнімі Galaxy Note 10.1 планшеті мен Galaxy Note Pro 12.2 арасындағы айырмашылықтар мен артықшылықтар салыстырылып көрсетілген. 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: phonesreview.co.uk

Қосылған күні: 08 сәуір 2014, 22:24
Пікірлер
+0
01 сәуір 2014, 08:40

Планшет алуды ойлап жүр ем, жақсы сияқты осы

+0
10 мамыр 2014, 11:52

менде нот3 телефон бар. ноттар күшті ғой негізі

+0
14 мамыр 2014, 20:17

амбалдай керек емес нарсе мынадан айпад 100 есе артык жане мынадан 200 есе мыкты сонгы шыккан галакси с5 та маган унаган жок магазинде турган самсунгтын планшетимен с5-ты устаганда катып калады ойткени маган жарамайды

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.