Баспа әлемінде төңкеріс жасауы мүмкін технология

Баспа әлемінде төңкеріс жасауы мүмкін технология

Қытай химиктері сияны қолданбай-ақ, кәдімгі судың көмегімен жазуы бар парақты басып шығаратын қағаз ойлап тапты. Осы технологияның арқасында қағазды бірнеше рет пайдалануға мүмкіндік туып отыр.

Статистика бойынша, принтерде басылып шыққан қағаздардың 40 пайызы бір рет қолданғаннан кейін қоқыс жәшігіне тасталады екен. Енді Цзилинь университетінің ғалымдары шығыны көп осы әдіске өзгерту енгізбек. Олардың жасап шыққан қағазын 17 рет пайдалануға болады екен. Бұл дегеніңіз – қағазға кететін шығын да соншалықты азаяды деген сөз.   

Технология құпиясы принтерде емес, ғалымдар жасап шыққан «ғажайып қағазда» болып отыр. Дәлірек айтсақ, қағаздың бетіне жапсырылған қабаттың ерекшелігінде. Ол сумен жанасқан кезде бояғыш молекулаларын «іске қоса алады». Тәжірибе жасау кезінде ғалымдар кәдімгі принтердегі картриджді сиямен емес, құбырдан алынған сумен толтырған.   

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: fun

Б. Қосмағамбет