Иллюзиялық көріністерге зер салайық

Иллюзиялық көріністерге зер салайық

Назарларыңызға Интернет қолданушылары арасында танымал болып үлгерген үздік 15 иллюзиялық көріністі ұсынамыз.  

1

1. Егер шоколад тақтасын кесіп және оларды көрсетілгендей түрде қойып шығатын болсақ, бәрібір де бір тілім шоколад артық қалып қоя береді. Таусылмайтын шоколад деген осы!

2

2. Пульсациялық иллюзияны шақыратын статикалық көрініс.

3

3. Көзіңізді жұмбай, картинаның дәл ортаңғы нүктесіне отыз секундтай қараңыз да, жоғарыға немесе қабырғаға көз тастаңыз.

4

4. Назарларыңызда шахмат тақтасының торлары. Бұл біздің көзіміз алдымыздағы нәрсені қалай көре алатындығын көрсететін Массачусетс технологиялық университетінің профессоры Эдвард Эдельсонның 1995 жылы жасаған мысалы. Бастапқыда сене қоймассыз, алайда шындық мынау: «А» және «В» торлары бір түсті болып келеді. Оған көз жеткізу үшін картинаны фотошопқа жүктеп алсаңыз жеткілікті.

5

5. Ортадағы крестке біраз қарап отырыңыз: Атақты актерлердің әдемі жүздері құбыжықтарға айнала бастайды.  

6

6. Шындығына келгенде, екі темекінің де өлшемдері бірдей.

7

7. Төрт шеңбер.

7

8. Болуы мүмкін емес піл. Суретті салған: Роджер Шепард.

8

9. Егер ортасындағы нүктеге 15 секунд зер салсаңыз, қара түстегі бейне жаңа бояуларға ие болатынын байқайсыз.

9

10. Көріп отырған жанға орындықтың қалай тұрғандығы жөнінде жалған түсінік беретін оптикалық эффект.

11

11. Бір қарағанда, төрт ақ сызық бейберекет қозғалатын сияқты әсер қалдырады. Алайда олардың үстіне шаршы бейнесін жапсырар болсақ, оның бір фигура екендігіне көзіміз жетеді.

11

12. Дөңгелек қай жаққа қарай айналып жатыр? 

15

13. Көзіңізді алмай крестке қарап отырсаңыз, күлгін таңба үстінен жасыл түстің жүгіріп жүргенін байқайсыз, ал кейін олардың барлығы да жоғала бастайды.  

12

14. Көзіңізді жұмбай, суреттің ортасына 20 секундтай қарап отырып, уақыт өткеннен кейін басқа кез-келген нәрсеге көз тастаңыз.

13

15. Анимация суретке қара торды жапқаннан кейін пайда болады. Көз алдымызда бір орында тұрған нәрселер қозғала бастайды.


Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: fototelegraf.ru

Б. Қосмағамбет