Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Шолу / «Астана интернет форумында» үздік сайттар марапатталады

«Астана интернет форумында» үздік сайттар марапатталады

«Астана интернет форумында» үздік сайттар марапатталады

2013 жылдың 7 желтоқсанында Астана қаласында «Ұлттық Интернет Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен «Астана интернет форумы» өтеді. Назарбаев зияткерлік мектебінде өтетін шараға танымал IT мамандары, жаңа медиа журналистері, блогшылар және сайт жасаушылар қатысады. 

Қазақстандық аудиторияға арналған ақпараттық технологиялар саласын дамытып жүргендерге арналған бұл форумның мақсаты – қазақ тілінде контент жасаушылар мен портал мен сайт иелерінің, жаңа өнімдерді ұсынушылардың өзара тәжірибе алмасып, ортақ жобалардың пайда болуына ықпал ету.

Форум үйлестірушісі Данияр Алан: 


– Жобаға жалпы саны шамамен 150-200 адам келеді деп күтілуде. Форумда спикерлер әртүрлі тақырыптарда шеберлік шыңдау дәрістерін жүргізеді. Өркен Кенжебек, Жарқын Түсіпбекұлы секілді елімізге белгілі журналистер жаңа медиа тақырыбында сөз қозғаса, Ерлан Оспан, Аршат Оразов, Ербол Серікбай, Тимур Бектұр сынды елімізге танымал IT мамандары техникалық жағынан шеберліктерімен бөліседі. Форум барысында елімізде тұңғыш рет өткізіліп отырған ҚазНеттің Бірінші Ұлттық Интернет-сыйлығы — «Қазнет Дода» байқауының марапаттау рәсімі өтеді. Байқау 2 кезеңнен тұрып, 9 сайт пен 3 ҚазНет тұлғасы номинациялары бойынша мықтылар анықталады. Форум былтыр 7-8 блогшы энтузиасттардың бастамасымен өткізілген-тін. Биыл да ешқандай үкімметтік немесе үкіметтік емес ұйымдардың көмегінсіз ұйымдастырылып жатыр. Ұйымдастырылу барысында қаржылық қиындықтар болғанына қарамастан, ол қиындықтарды жеңе білдік деген ойдамын. Форумды да, байқауды да жыл сайын өткізілетін дәстүрлі шара ретінде көргіміз келіп отыр.

Айта кетейік, форумға тіркелу әлі де жалғасуда. Қатысу үшін iforum.kz сайтына кіріп, тіркеле аласыз.

Дайындаған: Мейіргүл Сержанқызы

Сурет: iforum.kz, Данияр Алан

Қосылған күні: 29 қараша 2013, 07:57
Пікірлер
+0
29 қараша 2013, 08:26

Лайықтылардың жұлдызы жансын!

+0
29 қараша 2013, 08:48

Жақсы өтсін деп тілеймін! Ә!діл түрде өтсін, кім жеңсе, сол лайық дейік!

+0
29 қараша 2013, 10:41

Әділ бағаланса болды да

+0
29 қараша 2013, 10:51

Кім жеңсе, соған әділ өтті деген сөз ғой

+0
29 қараша 2013, 10:53

уау,тағы да жиналоады екенбіз ғой,152. Мейіргүл Оңғарова (Алматы) :evil:

+0
30 қараша 2013, 12:57

Бұл жолы бұйыртса Ардақ барады :)

+0
29 қараша 2013, 12:54

дұрыс болған екен

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.