Екі SIM-карталы GALAXY Grand 2 смартфонымен таныс болыңыздар

Екі SIM-карталы GALAXY Grand 2 смартфонымен таныс болыңыздар

Бүгін Samsung компаниясы екі бірдей SIM-карта жұмысын қолдай алатын GALAXY Grand 2 смартфонын таныстырды. Ол өзінің бірінші буынына қарағанда жаңа қасиеттерге ие болып, қызметі де жақсара түскен. Сыртқы дизайнының да өзгергені бірден байқалып тұр.

Үлкен HD-экраны мен кеңейтілген қызметінің арқасында смартфон қолданушысына рақаттанып фильм тамашалап, кітап оқуға немесе ойын ойнауға мүмкіндік береді. Ал Multi Window (бірнеше терезе) қызметімен бір мезетте бірнеше жұмыс жасауға болады.

Көлемі 2600 мА/сағ болатын аккумуятор сізге 10 сағат видео ойнатып немесе 17 сағат телефонмен үздіксіз сөйлесуге жағдай жасайды. Смартфондағы басты жаңалық - оның бір мезгілде екі ұялы байланыс операторымен жұмыс жасай алуында болып отыр. Galaxy Grand 2 смартфонының артқы қақпағы Galaxy Note 3-тегідей стильде жасалынған. Бұл да оған өзіндік бір әсемдік беріп тұр.   

1

Samsung Galaxy Grand 2 смартфонының техникалық мінездемелері: 

  • Желісі: GSM/GPRS/EDGE, WCDMA/HSPA+
  • Платформасы (таныстырылым кезінде): Android 4.3 Jelly Bean
  • Дисплейі: 5,25", 1280 х 720 нүктелі, TFT
  • Камера: 8 Мп, автофокус, жарқылы бар
  • Фронтальды камера: 1,9 Мп
  • Процессор: 4 ядролы, 1,2 ГГц
  • Оперативті жад: 1,5 ГБ
  • Ішкі жады: 8 ГБ
  • Сақтау картасы: microSD (64 ГБ дейін)
  • A-GPS, ГЛОНАСС
  • Wi-Fi (802.11 a/b/g/n)
  • Bluetooth 4.0
  • microUSB
  • 3,5-мм құлаққапқа арналған ұяшық
  • Аккумуляторы: 2600 мАсағ
  • Өлшемдері: 146,8 x 75,3 x 8,9 мм
  • Салмағы: 163 г
  • Форм-факторы: тачскринді моноблок
  • Типі: смартфон
  • Таныстырылған күні: 25 қараша 2013 жыл

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: hi-tech.mail.ru

Б. Қосмағамбет