Құлаққаптай шағын аудиоплеер

Құлаққаптай шағын аудиоплеер

Енді сіздің ән тындағаныңызды ешкім білмейтін болады. Split өнімі өзінің аудиоплеері, радиосы және құлаққабы бір ретте орналасқан озық өнертабыс саналады. Майами-бичтегі Greenwing Audio орталығы аталған өнімді нарыққа осы айдың 31 жұлдызында жарыққа шығармақ.

Жарнама тілімен айтсақ, онымен сіз құлаққаптың баулары шырмалудан, қондырғыны қоюға лайықты қалта іздеуден арыласыз, бір сөзбен айтқанда, үнемі өзіңіз қалаған әнді тыңдап жүре алатын болдыңыз. 

Split өнімі 64 МБ-тан 256 МБ-қа дейінгі аралықта жады картасына, 32 биттік МЗ процессорына, қос білікті акселерометрге, үйлестірілген құлаққапқа ие. 

Өнімде микрофон мен басқару құрылымдары болмағандықтан, басқарылымына акселерометр қолданылады. Қолданушының мойын бұрысы әрекет етеді немесе қол тигізудің өзі әннің бағытын өзгертеді. 

Құлаққаптар USB кабелімен қуатталады. Қондырғы осы уақытта өзгертулерге ұшырауда. 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: kopaev.org 

Л. Лига