Экспо – 2017: Жеңуге лайықты жобалар

Кезекті сәулет өнерінің шедевріне қарай отырып, не күлеріңді, не жыларыңды білмейтін сәттер болып тұрады. Ал әңгіме әлі жасалып үлгермеген, бірақ компьютерлік үлгіде көрініс тапқан жобаларға келіп тірелетін болса, онда кереметтілік пен кем-кетіктің арасы жіңішкере түсетіні анық.

Экспо-2017 халықаралық көрмесіне жолдаған жобаларға қарай отырып, бір нәрсені нақ дәлдікпен айтуға болар - қатысушылар ұсынып отырған жобалардың дені қиялдан асып түседі. 

Көрме күнінде жүзге жуық жеңіл құрылыс (павильон) жұмыс істеп, кемі үш миллион адам келіп-кетеді деп күтілуде. Жеңімпаздың жобасы көрменің тақырыбынан ауытқымай, "Болашақтың энергиясын" ұсынуы тиіс. 

Қазіргі таңда 20 елден 100 сұраныс келіп түскен. Олардың ішінен таңдап алынған үздік 45 жоба алдағы таңда басты жүлдеге берілетін 150 000 долларға талас қылмақ. 

Safdie Architects жобасы (АҚШ): шыны жабылған және орталығы күмбезбен көмерілген толық бір бүтін эко-қала.

Немістің  JMayer H. компаниясы толқын тәріздес шатыр арқылы жалғасып жатқан кіші ғимараттардың құрылымын ұсынуда. Әр ғимараттың ортасында қалқып тұрған мұнаралар. 

Zaha Hadid Architects (Ұлыбритания) байқауға төсеніш секілді мұнаралардың үлгілерін жіберген. 

Қытайлық Chinas Studio Pei-Zhu компаниясының аттары шығып үлгермеген талантты сәулетшілері орталығы бау-бақшаға оранған таулардың шынымен көмкерілгендей әсер қалдыратын жобасын ұсынады. 

Норвегияның Snøhetta фирмасы байқауға ғимараттар қасында орын тепкен алып саябақтарды жіберген. Орталық құрылымы жасанды тау-төбенің астына жасырылған. 

Serie Architects компаниясының (Ұлыбритания) жұмбаққа толы кереге көз құрылысы алып билбордты еске салады. 

UNStudio компаниясының сәулетшілері (Нидерланды) қисайған (бұрмаланған) ғимараттардың топтамасын ұсынған. 

Осы бір мұанаралы саябақтың түнгі көрінісін Coop Himmelb(l)au сәулетшілері жолдаған. Бір жағынан алып қарасаң, гиперболоидқа келіңкірейді...

Беймәлім түсініксіз құрылыстардың тағы бір нобайы. 

"Ғарыштық кеме" - Gordon Gill Architecture мен Адриан Смит компаниясының бірлескен шығармашылық жобасы (АҚШ)

Mecanoo компаниясы (Нидерланды) Астана орталығында  өз жеке мұнарасы бар жасанды таулы алып илеу құрылысын салмақшы. 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет: expo2017astana.com