Интерактивті ванна

Интерактивті ванна

"AquaTop Display": қарапайым ваннаны сенсорлы дисплейге айналдырамыз. 

Токио электрондық коммуникация университетінің жас жігіттері Kinect камерасын, проектор, су өткізбейтін бірнеше құбырды пайдалана отырып, жарты жылдық еңбектен соң қарапайым ваннаны интерактивті ортаға айналдыра алған. Олардың "AquaTop Display" өнертабысы ойын-қызықтың жаңа кезеңіне бастамақ.

Жұмыс жасау барысы: проектор мен Kinect камерасы компьютерге қосылады. Проектор су бетінде кескіндерді түзеді. Артынша кескіннің жақсы көрінуі үшін ванна суына тұз (арнайы жасалған) қосылып, судың түсі бұлыңғырлана түспек. Су үстінде Kinect камерасы таратқан сәуле орнайды. Қолыңыздың әр саусағы (судың беткі қабатында) қабақ танытып, өзіндік бір сенсорлы дисплейға айналмақ.

Қалаған мультфильміңізді, қалаған киноңызды, тіпті, таңдаулы ойындарыңызды да ойнай аласыз.

Ваннаны сенсорлы дисплейге айналдырғыңыз келе ме?

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: oxyxo.ru

Л. Лига