Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Шолу / Ең биік мұнараның соңғы бөренесі қойылды

Ең биік мұнараның соңғы бөренесі қойылды

Ең биік мұнараның соңғы бөренесі қойылды

Шанхайда 632 метрлік көп қабатты үйдің соңғы бөренесі қойылды. Бұл жайында жобаға басшылық еткен «Gensler» компаниясы хабарлайды.

«Шанхай мұнарасы» әлемдегі ең биік Бурдж Халифадан кейінгі екінші орында тұр. Жаңа ғимарат 2014 жылы ашылады деп күтілуде. Оның ішінде кеңселер мен қонақ үй бөлімшелері орналасатын болады. Тұрғындардың ғимараттың төбесіне шығып қаланың барлық бөлігін бақылау мүмкіндігі бар, ал төменгі бөлігі арқылы Шанхай метросына кіре алады. Мұнымен қатар, көліктерге арналған тұрақтар салынған.  

Зеңгір үй бір-біріне кірігіп орналасқан 9 бөліктен тұрады. Сыртқы бөлігі 120 градуста қиғаш етіп орналасқандықтан сырт көзге бұралып тұрғандай әсер береді. Жан-жағы әсем бақтармен безендірілген. Және ішінде Mitsubishi компаниясы құрастырған ең жылдам жеделсаты жұмыс жасайтын болады. Ол келушілерді секундына 18 метр жылдамдықпен тасымалдайды.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: www.novate.ru

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 07 тамыз 2013, 12:38

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.