Ең танымал WP8-смартфон

Ең танымал WP8-смартфон

Nokia Lumia 520 Windows Phone операциялық жүйесінің басқарылымындағы ең танымал смартфон атанып отыр, деп хабарлайды AdDuplex. 

Қазіргі уақытта оның Windows-фон ортасында үлес-салмағы 12 пайызды құраған. Ертеректе бұл көрсеткіш Lumia 920 смартфонына тиесілі болатын.

Кейбір сарапшылар Lumia 520 өнімінің бұл табыстылығын Үндістан нарығымен байланыстыруда. 

Nokia Lumia 520 техникалық мінездемесімен айрықшаланбайды. Оперативті жады 512 МБ құрап, 1 ГГц тазалықтағы 2-ядролы Qualcomm Snapdragon процессоріне иелік етеді. 4-дюймді экран рұқсаттамасы 800×480 белгіні құрайды. 5-мегапиксельді камерасы бар.

сурет:frederick.tistory.com 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига