Samsung Galaxy S4 Zoom - жаңа заманғы камерафон

Samsung корпорациясы көпшілік күткен Samsung Galaxy S4 Zoom камерафонын ресми түрде таныстырды. Енді сіздерге сол жаңа камерафонды кеңінен таныстыра кетсек. 

Сонымен, жаңа құрылғының басты ерекшелігі оның 16-мегапиксельді, 10 мәрте ұлғайтылған оптикалық зумы және оптикалық тұрақтандыру жүйесі болып отыр. Объективтің фокустық қашықтығы 24-240 мм құрайды. Ал диафрагма диапазоны 3,1-6,3. Одан бөлек, телефонда 1,9-мегапиксельді фронтальды камера орналасқан. 

Енді смартфонның көрсеткіштеріне келейік. Galaxy S4 Zoom 4,3-дюймды, мүмкіндігі 960х540 пиксельді Super AMOLED экранымен жабдықталған. Samsung таратқан ақпарат бойынша, смартфон әр нарыққа әртүрлі процессор жинағымен сатылымға шықпақ. Оперативті жады 1,4 ГБ болса, флеш-жады 8 ГБ құрайды. Оның қолданушыға 5 ГБ-ы пайдалануға беріледі. Егер сізге бұл жад жеткіліксіз болып жатса, онда оны microSD картасы есебінен 64 ГБ дейін ұлғайта аласыз. 


Камерафон 4G LTE және 3G стандартты ұялы байланысын қолдай алады. Ал операциондық жүйе ретінде ол жаңа интерфейсті Android 4.2 Jelly Bean-ді (өндіруші бұл ОЖ-ні "революциондық" деп атап отыр) қолданады.   

Samsung әзірге бұл камерафонның бағасы мен сатылымға шығу уақытын жариялай қойған жоқ. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: gadgets.ndtv.com